HPRS жаңалықтар

Назарбаев Университеті мен Гарвард Ресейдің Орталық Азиямен және Батыспен қарым-қатынасының тарихын талқылайды

SSH conference-2

Назарбаев университеті Гарвард университетімен (Дэвис-орталық) бірлесіп, 2022 жылғы 21 және 22 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «Империя, колониялар және білім» халықаралық конференциясын өткізеді. 

Конференция Ресей империясында метрополия мен периферия диалогын қалыптастырудағы ұлттық элиталардың рөліне, сондай-ақ посткеңестік елдердің Батыспен қарым-қатынастарын дамытуға арналады.

Конференцияға Қазақстан, АҚШ, Жапония, Германия және Ресей елдерінен жетекші тарихшылар, саясаттанушылар, халықаралық қатынастар саласындағы мамандар қатысады. 

21 мамырда негізгі баяндаманы кеңестік ұлттық саясат жөніндегі жетекші сарапшы, Гарвард университетінің профессоры Терри Мартин жасайды. 

Бұдан басқа, 22 мамырда конференцияның бағдарламасы аясында «Еуразия және Батыс 1991 жылдан бастап» атты дөңгелек үстел өтеді.

Конференцияның бағдарламасы, оның өтетін орнына қолжетімділік, сондай-ақ БАҚ-та жариялау туралы мәселелер бойынша Назарбаев Университетінің ассистент-профессоры Михаил Акуловқа (Mikhail.akulov@nu.edu.kz) хабарласуыңызды сұраймыз.

Күні және уақыты: 21 мамыр 09:00 – 19:00, 22 мамыр 08:30 – 15: 45. 

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Назарбаев Университетінің кампусы, C3 блок, 1010 ауд.

Конференция бағдарламасы