Жаңалықтар

Назарбаев Университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін кейбір магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы туралы хабарлайды

post -Master’s program (1080 x 1080 px) (2)

Назарбаев Университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін кейбір магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы туралы хабарлайды

Құрметті талапкерлер,

НУ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің келесі магистратура бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 2 мамырына дейін (Астана уақыты бойынша 23:59) ұзартылғанын хабарлауға қуаныштымыз:

• Биология ғылымдары және технологиялары бойынша магистратура бағдарламасы.

Сонымен қатар, НУ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің келесі докторантура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 25 сәуірге дейін (Астана уақыты бойынша 23:59) ұзартылды:

• Химия бойынша докторлық бағдарлама;

• Өмір туралы ғылымдар бойынша докторлық бағдарламасы.