Жаңалықтар

Назарбаев Университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін кейбір магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы туралы хабарлайды

post -Master’s program (1080 x 1080 px)-3

Құрметті талапкерлер, 

НУ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің келесі магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2022 жылғы 30 сәуірге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59) ұзартылғанын хабарлауға қуаныштымыз:

  • Химия бойынша магистратура бағдарламасы;
  • Физика бойынша магистратура бағдарламасы.

Сонымен қатар, НУ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің келесі докторантура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2022 жылғы 16 мамырға дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59) ұзартылды:

  • Химия бойынша докторлық бағдарлама;
  • Математика бойынша докторлық бағдарлама;
  • Физика бойынша докторлық бағдарламасы.

Есіңізге сала кетейік. 

  1. Cоңғы курсқа үміткерлер ағымдағы транскрипттерімен құжаттарын ұсына алады
  2. IELTS тестілеуінен 5,5 және 6,0 балл жинаған үміткерлер кейіннен негізгі бағдарламаға ауыса отырып, бір жылдық Zero Year Graduate бағдарламасына түсу мүмкіндігіне ие.

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет: 

  1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
  2. Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
  3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).

Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;

  1. «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау.
  2. Тест әкімшісінен IELTS/TOEFL (Home Edition-нан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетке жүктеп салу.
  • IELTS тапсыру үшін код: Nazarbayev University
  • TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762

Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.

Келесі қадамдар: 

Студенттерді оқуға қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде сұрақтар пайда болса, төмендегі электрондық пошталарға хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз:

  • Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі: admissions.ssh@nu.edu.kz

Назарбаев Университетіне оқуға түсу мәселелері бойынша Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің Байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Телефоны: +7 (747) 094 0230, + 7 (7172) 64 25 84

Электрондық поштасы: info_admissions@nu.edu.kz