KazLT жаңалықтар

Назарбаев университетінде Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдық мерейтойына арналған «ЖАС ҒАЛЫМ-ІV» атты республикалық студенттердің ғылыми конференциясы өткізілді.

SSH News-10

Ұйымдастырушылары: Назарбаев Университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің «Қазақ тілі және түркітану» Департаменті мен  Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі. 

Назарбаев университетінде конференция биылғы жылы дәстүрлі түрде 4-ші рет ұйымдастырылды. 2019 жылы алғаш рет «Жас ғалым-І» студенттердің ғылыми постерлері көрмесі ретінде Назарбаев университеті студенттерінің арасында  ұйымдастырылды. 2020 жылы «Жас ғалым-ІІ» студенттер көрмесі Назарбаев университеті мен Нұр-Сұлтан қаласындағы университеттермен бірлесе ұйымдастырылды. 2021 жылы еліміздегі қиын пандемия жағдайына қарамастан «Жас ғалым-ІІІ» республика деңгейінде онлайн форматта өткізілді. Биылғы 2022 жылы «Жас ғалым- ІV» республикалық деңгейде жаңа арнада студенттердің ғылыми конференциясы форматында өткізілді.   

«Жас ғалым-ІV»  конференциясына  қатысуға 67 студент, магистрант, докторанттан  өтінім түсті. Ғылыми  баяндамалар  іріктеуден өтті, нәтижесінде іріктеуден өткен 54 студенттің ғылыми жұмысы  конференцияға қатысты. Студенттер ғылыми баяндамаларын  білікті әділқазылар алқасы мен көрермендер алдында қорғады. 

Конференция жаңалығы: Конференция платформасында Назарбаев университеті профессорларының Семей қаласында жүргізіп жатқан ғылыми жобаларына қатынасқан Семейдің Шәкәрім атындағы университет студенттері М.Г. Насыров пен А.М.Дүйсенбеков алғаш рет  19 ғасырдан келе жатқан Семей мешіттерде сақталған цифрленген сирек қолжазбалар қорымен  таныстырды; Назарбаев университетінің Химия мамандығы бойынша 1 курс студенті Әлия Елшібай «Бие сүтінен балмұздақ дайындау» атты бизнес жобасын алғаш рет ғылыми талқылауға ұсынды;    әл Фараби ат. Қазақ Ұлттық университеті студенті  Дамир Каримов «Пікірсайыстың когнитивті функционалдылықты арттырудағы рөлі» атты оқу құралының тұсаукесері ұйымдастырылды.