Назарбаев Университетінің әлеуметтік желісіндегі “Professor Live” атты жаңа айдарын қарсы алыңыз
NU профессорымен бір күн өткізіп, профессордың мамандануы, оқу жоспары, жұмыс істейтін мектебімен тереңірек танысып, тамыздың 6-сы күні 16: 00-де Инстаграмдағы тікелей эфирде сұрақтарыңызды қоя аласыз. Біздің стористерімізді жіберіп алмаңыздар және сұрақтарыңызды төменде қалдырыңыз.
Айдардың алғашқы қонағы – Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Ассистент профессоры Ұлан Бигожин.
Ұлан Бигожин 2017 жылдың көктемінде Блумингтондағы Индиана Университетінде (АҚШ) Антропология бойынша PhD дәрежесін алды. Оның негізгі ғылыми мүдделері дін, ұлтшылдық, рулық қатынастарға және посткеңестік кеңістіктегі Қазақстандағы мемлекеттік құрылысқа байланысты. Ол діннің (мұсылман ғибадатханаларын құрметтеу) бастапқы деңгейде мемлекеттік және ұлттық құрылыс процесіне қатысуы туралы мәселеге айрықша назар аударады. Ол өзінің «Постсоветтік Қазақстандағы мазар, мемлекет және қасиетті генеалогия» атты диссертациясында Екібастұз (Солтүстік Қазақстан) ауданындағы Исабек Ишанға арналған қасиетті мазарға зерттеулер жүргізді. Ол өзінің жұмысында мемлекет, жергілікті бизнес және қожа тұқымының қасиетті ұрпақтары мазарларды қалпына келтіру арқылы мемлекеттік және ұлттық құрылыстың үдерісіне терең араласатындығын көрсетеді.