Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінде астрофизика бойынша бірінші семинар

Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі астрофизика бойынша ай сайынғы бірінші семинар өткенін туралы қуана хабарлайды. Astro – Назарбаев Университетінің көпшілікке ашық астрофизика қауымдастығы.
Бірінші семинарда физика кафедрасының ассистент профессоры Дана Алина астрофизиканың не екенін және оның астрономия және космологиямен қандай байланысы бар екенін айтып берді.
Ол сонымен қатар қазіргі ғылыми жобалармен таныстырды. Баяндамадан кейін Astana Garden School жоғары сынып оқушылары, НУ студенттері, келушілер мен зерттеушілер арасында астрофизика, космология және жалпы салыстырмалық теориясының әртүрлі тақырыптары бойынша қызу пікірталас өтті.