Жаңалықтар

Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінде «Үздік академиялық студент жұмыстары» байқауы өтті

SSH News (3)

2022 жылдың 14 қазанында Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Қазақ тілі және түркітану кафедрасының ұйымдастыруымен  дәстүрлі «Үздік академиялық студент жұмыстарын марапаттау» рәсімі ұйымдастырылды. Бұл конкурстың негізгі мақсаты студенттердің  қазақ тілінде академиялық ізденістеріне бағыт-бағдар беру;  жастардың ғылыми-зерттеу дағдаларын қалыптастыру; қоғамның өзекті мәселелерін зерттеу арқылы жастардың бойында тұлғалық белсенділікті дамыту. 

Конкурсқа түскен студент жұмысы  ағымдағы оқу жылында жазылуы керек және  конкурс жылына 1 рет өткізіледі. Конкурсқа кез-келген студент жұмысын ұсына алады. Осы жылы қонкурсқа түскен студенттер саны – 36. Үздік студент жұмыстарын анықтау  мақсатында Департаменнің профессор-оқытшылар құрамынан іріктеу комиссиясы құрылды:   Ақбұзауова Бақыт,  Адаева Ермек,  Балабеков Айдар, Шалабаева Гүлжәмилә, Жүнісханов Айдын. Студент жұмыстары анонимді тексерілді және бағалау критерийлері анықталды. Студенттердің академиялық жұмыстары 4 номинация бойынша бағаланды: 1. Қазақ тілі (200 және 300 деңгейлі курстар бойынша жеке-жеке); Әдебиеттану; Түркітану; Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар. 

Марапаттау қорытындысы

Бағыты Студенттің аты-жөні Жұмыс тақырыбы Жұмыс түрі
1. Қазақ тіл білімі

бағыты бойынша  

Абзалова Әсел Қазақстандағы ІТ: қазіргі жағдайы, болашағы Ғылыми жоба
Балауса Әмір Қоғамдық тамақтандыру саласы (асхана, дәмхана, мейрамхана) терминдері Ғылыми эссе
Олжас Нұрман Брендтер тарихы Ғылыми эссе
3. Әдебиеттану бағыты бойынша Эльмира Юсупова Нұржан Қуантайұлының «Үрейлі үш күн» әңгімесінің жаңашылдық сипаты Ғылыми жоба
Елнұр Шаки Қазақ әдебиетіндегі саяси-әлеуметтік дискурсқа заманауи көзқарас Ғылыми эссе
4.  Әлеуметтік-гуманитарлықҒылымдар

бағыты бойынша

Хамитова Аяужан “Джой” фильміне анализ  Ғылыми эссе
Кемалова Айгерім «Жаһанданудың білім саласына тигізетін оң және кері әсерлері» Ғылыми жоба
Омарова Жұлдыз

Нұрманова Бибінұр

Қазақ танымындағы “адалдық, әділдік” Ғылыми жоба
5 Түркітану бағыты     Карина Фаезова Түркі тілдері. Татар және қырғыз тілдерін салыстырмалы анализ Видео

 жоба