Жаңалықтар

НОПРИЗ Халқаралық кәсибі байқауы – Eң Үздік Жоба 2019

Untitled design

Біз Зерттеушілер мен жобалаушылаушылардің ұлттық қауымдастығы – НОПРИЗ және Ресей өнер академиясы Назарбаев Университетінің студенттері мен аспиранттарын 2019 жылғы Ең Үздік Жоба, халықаралық кәсіби байқауына қатысуға шақыратындығын жариялаймыз.

Байқауға қатысушылар ұсынған жобалар 2016 жылдан ертерек жасалмаған болмауы керек. Жас мамандарды (30 жастан аспаған), мамандандырылған жоғары оқу орындарының студенттері мен аспиранттарын құрған және іске асыратын жобаларды ерекше құптайды.

Байқауға қатысу тегін және 19 номинация бойынша сыйлықтар тағайындалғанын атап өткіміз келеді. Байқау туралы ережеге сәйкес жас мамандар, студенттер және аспиранттар ұсынған конкурстық ұсыныстарды байқау комиссия тиісті номинацияның тәуелсіз қосалқы құрамы ретінде қарайды.

Сонымен қатар, 2019 жылдың қараша айында Мәскеуде НОПРИЗ халықаралық кәсіби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болатындығын хабарлаймыз. Байқаудың жеңімпаз жобаларының презентациялық материалдары НОПРИЗ сайтында орналастырылады және Ресей өнер академиясы мен федералды округтердегі көрмелерде ұсынылады. Байқаудың нәтижелері бойынша сипаттамасы бар барлық жобалардан тұратын каталог жасалынады.

Өтінімдер 2019 жылдың 15 қазанынан кешіктірмей konkurs@nopriz.ru электронды поштасына қабылданады. Барлық сұрақтар бойынша байланыс тұлғасы – Орлов Сергей Борисович, тел: 8 (495) 984-21-34, e-mail поштасы: s.orlov@bnopriz.ru.

Конкурс туралы қосымша ақпаратты Зерттеушілер мен жобалаушылаушылардің ұлттық қауымдастығының сайтында қарауға болады (http://nopriz.ru).