KazLT жаңалықтар

НУ оқытушылары CESS конференциясы алаңында әр елдердің ғалымдарымен тағы да кездесті.

Hydrangeas-960×340

2016 жылы 2-4 маусымда Татарстанның Қазан федералды университетінде CESS (Орталық Еуразия зерттеу қоғамы) бесінші өңірлік конференциясы өтті. Конференция үш күнге созылды және әр елдерден келген өкілдер  Орталық Азиядағы дін, тарих, мәдениет, көші-қон, бірегейлік және басқа да мәселелер жөнінде кең ауқымды тақырыптар бойынша 50 панелдік сессия және 175 таныстырылым ұйымдастырды.

ГӘҒМ және басқа да мектептер мен кафедралардың жиырма шақты оқытушысы «Еуразиялық одақтағы жұмысшы қозғалысы», «Қазақстанның заманауи медиа- дискурсындағы ислам», «Қазақстанда Ханафи доктринасының орнығуы: «Жақсы» және «нашар» ислам арасында», «Шығыс Қазақстанда ерте скиф мәдени кешенінің  қалыптасу мәселесі», «Қазақ тілінде сан санатын оқыту: функционалды-семантикалық тәсіл», «Білім берудің көптілді қоғамдастығы: Қазақстанның пре-К мульти-сауатты тәсілі», «Амангелді Иманов туралы тарихи әндер: мифология және шындық (нақтылық)» сияқты және басқа да әр түрлі тақырыптар бойынша өз зерттеулерін ұсынды.

Ұйымдастыру комитетінің барлық мүшелеріне, атап айтқанда, CESS президенті, антропология профессоры, әлеуметтану және антропология кафедрасының профессоры Джон Шоберлейнге  конференцияны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз. Конференция жақсы ұйымдастырылған, өте өнімді және жан-жақты ойластырылған. Бұл конференция танымал ғалымдармен және Назарбаев Университетінде бас қосып 2014 жылы CESS қоғамдастығын құрған басқа да қатысушылармен кездесу мүмкіндігін берді. Бізге негізінен Амстердам университетінің, Шығыстану институтының, Ресей ғылым академиясының, Висконсин-Мэдисон университетінің және басқа да Ислам және Ресей Православие шіркеуінің мәселелерін, Конфессияаралық келісімнің Құрандағы принциптерін түсіндіретін халықаралық сарапшыларды және Орта Еділ бойы халқының тарихы туралы очеркті тыңдау қызықты болды.

Біздің оқытушыларымыз тарихи Қазан қаласына сапар жасап бір көтеріліп қалды, жаңа сондай-ақ бұрыннан келе жатқан   әріптестерімен ақпарат және  идеялар алмасты.