Жаңалықтар

НУ профессорларының жаңа зерттеуі ғылым саласында сандық мөлшерде әлі де ақ нәсілді еркектер басым екенін көрсетті

6008496713_4056a9eac2_b-1023×600

Анна Коэн Миллер, Седжин Ку, Нил Коллинз және Дженнифер Льюистің ғылыми салада гендердің қалай бейнеленетіні туралы зерттеуі Gi Media порталында жарық көрді. Gi медиа group – бұл Ұлыбританиядағы ең жылдам дамып келе жатқан жаңалықтар онлайн-платформалардың бірі.

Зерттеу нәтижесі бойынша, ғылым саласында әлі күнге дейін сандық мөлшерде ақ нәсілді еркектер көбірек бейнеленеді. 

Білім беру, саяси ғылымдар және бизнес саласы бойынша жұыс істейтін доктор Анна Коэн Миллер, доктор Седжин Ку, доктор Нил Коллинз және доктор Дженнифер Льюис ірі ғылыми іс-шаралардың бірі Astana Expo-дағы 10 елдің павильонының имидждік деректерін талдады. Ол деректер (суреттер) бойынша, жауапты ұйымдастырушылар тек әйелдер мен азшылық топтарын тек оқушы (үйренетін) рөлінде бейнелеген. 

Профессорлар образдардың бейнеленуінің оқыту процессіне әсері өте маңызды, және образдардың бейнеленуі гендерлік теңдікке жетуде шешуші рөл атқарады деген пікірді алға тарта отырып, зерттеу нәтижесімен бөлісті.

Мақаламен толығырақ танысу үшін сілтемеден өтіңіз.