Жаңалықтар

NU SSH Student Stories: Әділханова Нұрданамен оның Жапониядағы тәжірибесі туралы сұхбат

SSH post, копия

Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы бакалавр дәрежесін неге таңдадыңыз?

Мектеп оқушысы болған кезде мен HiroSemi жобасы арқылы халықаралық студент ретінде таңдалған болатынмын. Бұл маған жапон орта мектебінде оқуға және Жапониядағы бейбітшілік шараларына қатысуға ерекше мүмкіндік берді, және бұл тәжірибе мені халықаралық қатынастарды зерттеуге әкелді.

Университетте оқып жүргенде сіздің зерттеушілік қызығушылықтарыңыз қандай болды? Баяндамалар жариялау немесе конференцияларға қатысу мүмкіндігі болды ма?

Менің негізгі ғылыми қызығушылықтарым посткеңестік елдердің саясаты, негізінен Украинадағы қақтығыс, сондай-ақ посткеңестік кеңістіктегі ұлттық құрылыс пен бірегейлік болды.

Сізге қай курстар көбірек ұнады? 

Маған ұнаған курстар көп, олардың барлығын атау қиын. Бірақ менің зерттеушілік дағдыларымды ең көп дамытқан курстардың бірі профессор Элен Тибоның Салыстырмалы саясаттағы тереңдетілген тақырыптар курсы, профессор Хо Коның сыртқы саясатты талдау сабағы және профессор Азамат Жүнісбай жетекшілік ететін әлеуметтік ғылымдар мен зерттеу әдістері сабағы болды деп ойлаймын. Сондай-ақ доктор Эрика Альпертке оның зерттеу жобасына көмектесуге және құнды зерттеу тәжірибесін алуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді.

НУ (ЖӘГҒМ) профессорлары туралы аздап айтып берсеңіз. 

Біздің SSH факультеті студенттерін шабыттандыратын оларға барынша қолдау көрсететін профессорлар мен тәлімгерлерге толы. Сонымен қатар мен әрқашан студенттермен жұмысына қатты берілген және НУ-дағы академиялық сапарымда маған қолдау көрсеткен эдвайзерім доктор Спенсер Виллардсонға ерекше алғысымды білдіргім келеді.

Сіздің Жапонияда IT компанияда жұмыс істейтініңізді естідік. Сіз бізге жұмысыңыз туралы айтып бере аласыз ба?

Мен Salesforce CRM платформасы негізінде өз қосымшаларын құрастыратын компаниясында жұмыс істеймін. Тұтынушылармен жұмыс департаментіндегі сату кеңесшісі ретіндегі менің басты рөлім біздің өнімдерді сәтті қабылдауды қамтамасыз ету болып табылады. Мен жапондық және халықаралық клиенттермен жұмыс істеуге жауаптымын.

Бұл жұмысты қалай таптыңыз? Өтініш беру процесі қалай өтті?

Өтінім қабылдау процесі 2 сұхбат пен құжаттаманы тексеруден тұрады, содан кейін мен жұмысқа қабылдандым.

НУ ЖӘГҒМ-да оқу дейін мамандық таңдауға қалай көмектесті?

НУ ЖӘГҒМдағы академиялық сапарымда мен халықаралық сала – өз әлеуетімді іске асыра алатын және ең көп үлес қоса алатын жер екендігін түсіндім. НУ маған күшті теориялық іргетас құруға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар менің soft дағдыларымды дамыта алатын және сыни тұрғыдан ойлауды үйренетін кеңістікті қамтамасыз етті.

Шетелдегі компаниялар қызметкерлердің қандай дағдыларын жоғары бағалайды?

Менің ойымша, біз өмір сүріп жатқан қарқынды ортадағы маңызды қасиеттер ол:бейімделу, икемділік, үнемі оқуға және өсуге дайын болу, сонымен қатар коммуникативті дағдылар.

Жапондықтармен тығыз жұмыс жасайсыз ба? 

Иә, мен көбінесе жапондармен жұмыс істеймін. Біздің менеджерлер жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігін сақтауға және қызметкерлердің әл-ауқатына қамқорлық жасауға шақырады. Бізде икемді жұмыс кестесі, үйден жұмыс істеу мүмкіндігі, стреспен күресу үшін тегін кеңес беру қызметтері және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша көптеген бастамалар бар. Жалпы, әріптестерім тәртіпті, өз істеріне өте адал жандар. Сонымен қатар, олармен жұмыс істеу қызықты.

Жапондықтардың қандай қасиеттерін жоғары бағалайсыз?

Барлық адамдардағы менің ең жақсы көретін қасиетім, жалпы алғанда, ұқыптылық. Адамдардың соңғы сәтте жиналыстардан бас тартқанын немесе тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындауды ұмытып кеткенін ұнатпаймын.

10 жылдан кейін өзіңізді қай жерде көресіз? Қандай салаларда жұмыс істегіңіз келеді?  

10 жылдан кейін өз жұмысыма құмар, тәжірибелі маман боламын деп ойлаймын. Сондай-ақ мен өзімнің отбасымның, балаларымның қоршауында болғым келеді, мүмкін ит асырап аламын.

Қай салада жұмыс істегіңіз келеді?

Келесі жылдары мен халықаралық серіктестермен және клиенттермен тығыз жұмыс істей алатын IT саласындағы кәсіби маман ретінде дамуды жалғастыру туралы ойланып отырмын.

Сіз жұмыс істегіңіз келетін қазақстандық компаниялар бар ма?

Шынымды айтсам, бұл сұраққа жауап беру үшін маған KZ компаниялары туралы көбірек зерттеу керек. Жаңадан ашылған компаниялар мен стартаптардың саны жылдан-жылға артып келеді деп естідім, бұл қуантады. Кім біледі, мүмкін мен болашақта өз компаниямды ашамын. 

Студенттік тәжірибеңізге сүйене отырып, жаңадан келген студенттерге қандай кеңес берер едіңіз? 

Түрлі тағылымдамалар, волонтерлік және кәсіпкерлік тәжірибе – осының барлығы маған өзім туралы және өз қызығушылықтарымды көбірек білуге ​​көмектесті. Менің ойымша, жаңа нәрселерді байқау керек және өзіңді үнемі сынаудан қорықпау керек.