НУ студенттері iGEM жаһандық байқауында алтын медальді жеңіп алды
Назарбаев Университетінің студенттерінен құрылған iGEM Қазақстан тобы Халықаралық генетикалық инженерлік машина (iGEM) байқауында алтын медаль иеленді. iGEM байқауы – синтетикалық биология саласы бойынша жыл сайынғы халықаралық ауқымды іс-шара. Оған жоғары оқу орындарының студенттері, түлектері және жоғары сынып оқушылары қатысады. Жыл сайын 6000-ға жуық студент жаз уақыттарын iGEM-ге арнайды, ал күздеәлемдік қауымдастыққа оң үлес қоса алатын жобаларын ұсыну үшін Бостонда жиналады. АҚШ, Канада, Чили, Пәкістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Мысыр, Болгария, Мексика, Бразилия, Германия, Франция және Австралия биылғы жылы қатысышу елдердің-қатарында болды.
iGEM Қазақстан тобы – бұл жарысқа 2013 жылдан бастап қатыса бастаған Орталық Азиядан жалғыз топ. Сегіз жыл ішінде екі алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Назарбаев Университетінің бұл топ құрамы iGEM топтарының тарихында алғаш рет көптеген марапаттарға, соның ішінде ең жақсы экологиялық жобаға арналған Track Award және үш арнайы марапатқа – «Best Wiki, Best Inclusivity, және Best Sustainability номинациясына ие болды. Сонымен қатар, 255 бакалавриат топтарының арасында жылдың үздік 10 жобасының қатарына енді.
Команда мүшелері – SEDS және NU SSH бакалавриат студенттері. Жобаны NU SEDS ассоциативті профессоры доктор Энрико Марсили, химия инженериясы және материалтану кафедрасының ғылыми қызметкері доктор Обинна Аджунва және НУ түлегі, қазіргі таңда Мюнхендегі Людвиг Максимилиан университетінің магистрант студенті Дәулет Айтымбаев басқарады.
Топ Қазақстанның эндемикалық флорасы мен фаунасына қауіпті мұнай төгілулеріне қарсы әрекет етудің қауіпсіз әдісін әзірлеумен айналысуда. Жоба шикі мұнайды биоремедиациялаудың жаңа агенті – «Remi, du et!» әзірлеу арқылы осы мәселенің шешімін табуға арналған. Қазіргі уақытта команда Pseudomonas aeruginosa үлгі штамы бойынша қажетті экспериментті аяқтап, кейбір қазақстандық компаниялармен бірге жұмыс жасау үшін негіз құруда.
NU_Kazakhstan үшін iGEM жыл сайын командалар өз мұраларын iGEM қатысушыларының жаңа буынын беретін цикл болды. Алайда, 2020 жылы COVID-19 шектеулеріне байланысты команда болмады, және бізге (өзім және Асылай) осындай белгісіздік кезінде мүлдем жаңа команда жинап, жаңа PI тауып, жаңа жобаны нөлден бастауға тура келді. Жыл бойы біз шынымен де жобаны жүзеге асыра алмаймыз, одан бас тартамыз деп ойлаған жағдайлар көп болды. Бақытымызға орай, бізді қажет реагенттермен қамтамасыз еткен НУ профессорларының жомарт қолдауының арқасында бәрі біздің пайдамызға шықты.
Барлық қатысушылар сәуір айынан бастап жобамен тұрақты негізде жұмыс істеді, байқаудың соңына қарай аптасына 90 сағатқа дейін жұмыс істеді. Көрсетілімнің соңғы күнінде біз эксперименттеріміздің сәтсіздігіне байланысты зертханада дұрыс нәтиже алудан үмітімізді жоғалттық. Бақытымызға орай, Wiki Freeze басталардан 6 сағат бұрын біз жыл бойы күткен нәтижелерге қол жеткіздік. Соңғы бірнеше күндері ұйықтамаған басқа мүшелердің барлығы шаршағандарына қарамастан қуанып кетті. Бұл бәріміз үшін шынымен керемет және тәрбиелік тәжірибе болды. Номинациялар жарияланған кезде біз шынымен де тынымсыз еңбегіміздің жемісін көре бастадық, өйткені ұйқысыз түндеріміз шынымен де жемісін берді. Giant Jamboree кезінде барлық команда мүшелері мен жетекшілері марапаттау рәсімін тамашалауға жиналды, алтын медаль алған командалар тізімінде «NU_Kazakhstan» командасын көргенде біз таза қуанышымызды жасыра алмай, жобамыздың жылдың 10 үздік жобалар қатарына енгенде таң қалдық, дейді топ жетекшісі Малика Василова.