Жаңалықтар

НУ ЖӘГҒМ-ның Ашық есік күніне тіркелу басталды

Breaking News (2)

Назарбаев Университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі сіздерді 2023 жылдың 1 сәуір күні сағат 12:00- де өтетін күзгі ашық есік күніне қатысуға шақырады.

Қатысу үшін төменге өтіп тіркелу қажет:

Бұл болашақ студенттерге мектебімізбен және оның академиялық қауымдастығымен танысуға, сондай-ақ қол жетімді магистратура мен PhD бағдарламалары мен мүмкіндіктері туралы көбірек білуге арналған ерекше мүмкіндік.

Мектебімізде саясаттану және халықаралық қатынастар, экономика, еуразиялық зерттеулер, биологиялық ғылымдар және технологиялар, қолданбалы математика, физика және химия мамандықтары бойынша магистратура бағдарламалары, сонымен қатар бізде химия, математика, физика, Еуразиялық зерттеулер және өмір туралы ғылымдар бойынша PhD бағдарламалары бар.

Сондай-ақ ашық есік күні барысында сіз Жазу орталығының нұсқаушысы Джеймс Свайдердің оқуға түсудің міндетті талабы болып табылатын жақсы мотивациялық хатты қалай жазу керектігі туралы презентациясын тыңдауға тамаша мүмкіндік аласыз.

Сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін зертханалық турларымызға келуді ұмытпаңыз!

Іс-шара бағдарламасы

Күні: 01.04.2023 ж

Уақыты: 12:00 – 17:30

Өтетін орны: Атриум, 7 блок, НУ кампусы, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53

Сізбен кездесуді асыға күтеміз!