HPRS жаңалықтар

Онора О’Нил тек НУ студенттеріне арналған “Сенім” тақырыбына баяндама жасады

unnamed-6-960×340

2017 жылдың 10 мамырында ГӘҒМ  тек НУ қауымына арналған “Сенім” тақырыбына  баяндама жасаған Онора О’Нил профессорын тыңдап, сұрақ-жауап сессиясын ұйымдастыруға тамаша мүмкіндікке ие болды. Баронесса О’Нил Еуропадағы ең көрнекті философтардың бірі болып табылады. Ол қазіргі таңдағы әлемдік мәселелерді бірегейлі философиялық теория көзқарастарымен қарай алғандықтан, Кембридж Университетінің құрметті профессоры және Ұлыбританиядағы Лордтар палатасының мүшесі болып табылады. 2013 жылы TED конференциясында Баронесса О’Нил өзінің “Сенім” тақырыбын қозғаған бірінші  баяндамасын жасады. Баяндама бейнесін осы (https://www.ted.com/talks/onora_o_neill_what_we_don_t_understand_about_trust#t-20623) сілтемеден көруге болады.

TED Talk-тан алынған дәйексөз: “Сенім азайып барады және біз оны қайта құрастыруымыз қажет. “Бұл әлемді жақсарту үшін айтылатын әдеттегі ұсыныстардың бірі, алайда біз нені ұсынып тұрғанымызды түсіне бермейміз”, – дейді профессор О’Нил. Сенім туралы ең көп тараған идеялар шын мәнінде бізге бұрыс жолды сілтейтінін көрсетіп, профессор сұраққа басқа көзқараспен жауап беруге тырысады.”

Бұл баяндама бүкіл Назарбаев Университеті қауымдастығының көңілінен шықты! Біз Тарих, Философия және Дінтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Зигфрид Ван Дюффельге осы іс-шараны ұйымдастыруға ат салысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.