Орталық Азияда XIX Халықаралық түркі лингвистикалық конференция алғашқы рет өтті
Назарбаев Университетiнің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде XIX Халықаралық түркі лингвистикалық конференциясы жұмада 2018 жылғы 17 тамызда басталып 2018 жылғы 19-тамызға дейін өтті.
Бұл конференция 1982 жылы Берклиде Калифорния Университетінде басталған болатын, содан бері жетекші университеттердерде Стамбулда, Лондонда, Анкарада, Майнцеде, Уппсалада, Ізмірде, Сегеде, Оксфордта және басқа да академиялық орталықтарда өткізілген. Ол екі жыл сайын бір рет, Түркия мен одан тыс жерлердегі университеттер арасында өтіп отырады. Бұл кездесу Орталық Азияда бірінші рет болды.
Конференция аясында арнайы екі шағын-конференциялар, «Сібірдің жойылып бара жатқан түркі тілдеріндегі құжаттамасы» туралы бірінші семинар өтті. Екіншісі – «Түркі және басқа да трансеуразиялық тілдердегі әртүрлі мәнділік [V+V] пен реттілік» атты семинар.
Сондай-ақ 7 баяндама ұсынылынған:
- Ларс Йохансон (Университет Майнса, Германия)
- Генрик Янковский (Адам Мицкевич Университеті, Польша)
- Грегори Андерсон (Тірі тілдер институты, АҚШ)
- Сәуле Тәжібаева (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университет, Қазақстан)
- Әлімхан Жүнісбек (А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Қазақстан)
- Ирина Невская (Франкфурт Университеті және Берлиннің Ерікті университеті, Германия мен Ресейдің Ғылым академиясы, Ресей)
- А. Сумру Озсой (Богазичи Университеті, Түркия)
Конференцияда 100-ден астам авторлар мен бірлескен авторлардың 60-тан астам баяндамалары ұсынылған. Қатысушылар Солтүстік Американың, Еуропа мен Азияның әртүрлі елдерінен келді.
Конференцияға Қазақ тілі мен түркітану кафедрасы және Тілдер, лингвистика және әдебиеттер кафедрасы демеушілік етті. Сондай-ақ Халықаралық Түркі академиясы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті де қатысты.