Жаңалықтар

«Отаршылдық кезеңдегі қазақ даласының этнографиясы»: Алима Бисенованың онлайн-дәрісі

юрта

«Целинный» заманауи мәдениет орталығы Қазақстан және басқа елдердің жетекші сарапшыларынаның онлайн дәрістер сериясын өткізеді. Алғашқы шақырылған қонақ Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, Әлеуметтік және Гуманитарлық ғылымдар мектебінің әлеуметтану және антропология кафедрасының доценті Алима Бисенова болды.

«Отарлық кезеңдегі қазақ даласының этнографиясы» атты қысқа дәріс аясында Алима Бисенова үш этнографтың – Алексей Левшин (1798–1879), Шоқан Уәлиханов (1835–1865) және Георгий Джинс (1887–1971) негізгі еңбектерін қарастырады. 

Алима Бисенова орыс географиялық қоғамының мүшелері мен этнографтар қазіргі Қазақстан мен Орта Азия территориясындағы халықтарды өз еркімен басып алған және жаулап алған адамдармен қалай байланысқанын, олардың халықпен қалай қарым-қатынаста болғанын және өзіндік субъективтілігі олар шығарған этнографиялық білімге қалай әсер еткенін егжей-тегжейлі айтып берді.