Жаңалықтар

Профессор Дурвудхан Сұраған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына тағайындалды

SSH News-13

НУ ЖӘГҒМ профессоры Дурвудхан Сұраған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылымитехникалық комиссияның құрамына тағайындалды. 25 мамыр “Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы шықты. 

НУ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Қауымдастырылған профессоры Дурвудхан Сұраған комиссияның ең жас мүшесі болды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы алқалы орган болып табылады. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады. ЖҒТК-ның міндеттері:

   1) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;

   2) ғылым бағыттары бойынша басым іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді айқындау;

   3) Ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын қарау; 

   4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемін айқындау және ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша бөлу, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру көлемін айқындау;

   5) Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың басым бағыттарына сәйкес Ұлттық ғылыми кеңестердің ұсынымдары негізінде гранттық қаржыландырудың негізгі бағыттары мен көлемін бекіту;

   6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларға және іргелі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға арналған өтінімдерді мақұлдау;

   7) ғылым саласына шетелдiк инвестицияларды тарту бойынша ұсынымдар тұжырымдау; 

   8) мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты іске асыру кезінде ғылым, білім беру, және өндіріс салаларының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

   9) Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы қарау болып табылады.