Жаңалықтар

Профессор Константинос Валагианнополос өткізген зерттеу жұмысы Advanced Optical Material ғылыми журналының бас мұқабасы ретінде таңдалды

adom202070027-gra-0001-m

Зерттеуді Назарбаев Университеті Жаратылыстану, Әлеуметтік және Гуманитарлық ғылымдар мектебінің Физика кафедрасының доценті Константинос Валагианнопулос АҚШ, Польша және Италия ғалымдарымен бірлесіп жүргізді. Ол материалдық ғылымддар саласындағы ең таңдаулы ғылыми журналдардың бірі болып саналатын Advanced Optical Material-дың кезекті шығарылымында жарық көрді әрі журналдың бас мұқабасы ретінде таңдалды.

Зерттеу аясында мырыш оксиді қолайлы ортада орналасқан кезде планарлы және ультратинді параллель қабаттар құратыны анықталды. Бұл көп қабатты құрылым күн сәулесінің барлық түстерінен тек күлгін түске өтуге мүмкіндік береді екен. Бұл жаңалық оптикалық компоненттерді өндірудің жаңа бағытының пайда болуына жол ашады. Мұндай реттелетін және сезімтал сүзгілер электроникадан фотондық схемаларға және сигнал процессорларына жетілдірілгеннен кейін смартфондар мен үй компьютерлерінде жұмыс істейтін барлық микро құрылғыларды өзгерте алады.

Толық ақпарат үшін сілтемеден өтіңіз https://onlinelibrary.wiley.com/doi/abs/10.1002/adom.202070027