Профессор Нил Коллинс және Кристина Бекенова Назарбаев Университетінің атынан Мальтада өткізілген семинарға қатысты
2016 жылдың ақпан айында гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің профессоры Нил Коллинс Еуропалық Комиссия ұйымдастырған “Көкжиек 2020” бағдарламасының грантын жеңіп алды. Нәтижесінде, Назарбаев Университеті Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Словения және Франция мемлекеттерінің сегіз жетекші оқу орындарымен бірлесіп, “Мәдени, ғылыми және инновациялық дипломатиядағы еуропалық көшбасшылық” атты зерттеу жұмысын жасайды. Бұл зерттеу жұмысы 2017 жылдың 1-ші наурыз күнінен басталады және үш жылдың ішінде жүргізілетін болады.
Осы зерттеу жұмысының қарсаңында, 28 сәуір күні Еуропа, Қазақстан және Түркия елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының академиктері ЕО-ның шетелдегі имиджін нығайту үшін “жұмсақ күшті” қолдануына байланысты мәселелерді Мальтада өткізілген семинарда қарастырды. Назарбаев Университеті іс-шараны негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды.
Семинарға Назарбаев Университетінің атынан профессор Нил Коллинс және ғылыми қызметкер Кристина Бекенова қатысты. “Жоғалса да ұмтылмас – Еуропалық Одақтың мәдени дипломатиясындағы диспораның рөлі” деп аталын үшінші қорғау кезеңінде, д-р Коллинс және Кристина Бекенова бірлесіп, “Еуропалық Одақтағы мәдени дипломатия: Қазақстанмен диаспора қатынастары” атты ғылыми зерттеу жұмысын қорғады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанда ұзақ уақыт ішінде мекендейтін диспораларды және олардың Еуропадағы “туған жерлерімен” қарым-қатынастарын зерттеп, олар диаспораны мемлекеттер арасындағы делдал деп жүйелейтін 4 топтық типология ұсынды: бағалы, номиналды, экспрессивті және символдық.
“Еуропаның шетелдегі имиджін баспасөз және әлеуметтік желілер арқылы сипатталуын қадағалайтын сарапшы мамандар Еуропаның сыртқы бейнесі қолайлы деп жеткізгенімен, олар нео-отарлық тәсілді ұсынатын кез келген дипломатиялық бастамаға қарсы”, деп ескертеді профессор.
“Семинарға қатысушылар мәдени дипломатия мен қауіпсіздік мәселелерінің сақтық кеңестері жайлы мағлұмат берді. Сонымен қатар, Еуропалық диаспоралардың өздері шыққан қауымның мәдени және ғылыми өміріне әсер ететін маңызы жайлы зерттеу жұмыстары жүргізілді”, деп профессор Коллинс хабарлады.