Профессор Тимур Атабаев ChemistrySelect журналына Ерте мансап бойынша консультативтік кеңесінің мүшесі ретінде қосылды
2022 жылы профессор Атабаев Chemistry Europe қауымдастығының атынан шығарылатын ChemistrySelect журналының Ерте мансап бойынша консультативтік кеңесіне қосылды. Ерте мансап бойынша консультативтік кеңестің мүшелері сараптама саласына, ғылыми беделіне және мансап сатысына сәйкес таңдалады. Ерте мансап бойынша консультативтік кеңес мүшелерінің Chemistry Europe портфолиосындағы бір немесе бірнеше журналдармен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар олар химия пәні аясында дамып келе жатқан салаларға назар аударуды қамтитын арнайы жинақтарға арналған идеяларды ұсына алады. Мерзімнің соңында Ерте мансап бойынша консультативтік кеңес мүшелері Chemistry Europe портфолиосынан таңдалған журналдардың редакциялық кеңесіне қосыла алады.
Chemistry Europe – жоғары сапалы химия журналдарын басып шығару мақсатында құрылған 16 Еуропалық химиялық қоғамдардың тобы. Wiley-VCH-пен бірге олар Chemistry – A European Journal, ChemCatChem, ChemSusChem, ChemistrySelect және т.б. журналдарды шығарады. ChemistrySelect журналы 2016 жылдан бастап шығарылады және Chemistry-A European Journal, ChemPlusChem және ChemistryOpen сияқты жалпы химия және пәнаралық журналдарына арналған Chemistry Europe портфолиосын толықтырады. Соңғы бес жылда ChemistrySelect химия басылымдары саласында маңызды орын алды және әлемнің түкпір-түкпірінен келген зерттеушілерге химия бойынша сапалы ғылыми мақалалар форумын ұсынады.
Журнал веб-сайтына сілтеме: https://chemistry-europe.onlinelibrary.wiley.com/journal/23656549
Профессор Атабаевты осы тамаша жаңалықпен құттықтаймыз!