PSIR жаңалықтар

Профессор Жан Франсуа Каронның кітабы «The Quill and the Sword» номинациясына ұсынылды

unnamed

Бастапқыда Манчестер Университетінің Баспасөз орталығында ағылшын тілінде жарық көрген (2018), профессор Жан-Франсуа Каронның «Супер сарбаз теориясы: әскери саладағы қуаттылықты арттыратын технологиялардың моралі» кітабының француз тіліндегі нұсқасы «The Quill and the Sword» сыйлығының номинациясына ұсынылды. «The Quill and the Sword» француз әскерилері тарапынан ұйымдастырып, азаматтық жазушының әскери тақырыптағы ең жақсы кітабын марапаттайды. Марапаттау рәсімі қаңтарда Францияда өтетін болады. 

Кітап жайлы: Тарих бойында мемлекеттер комикс супер қаһармандарына ұқсас керемет физикалық және когнитивтік ерекшеліктерге ие мінсіз жауынгер құруға тырысты. Алайда, қазіргі инновациялардың бұрынғы жаңалықтармен ешқандай байланысы жоқ және олардың дамуы қарапайым технологиялық перспективадан асып түседі. Керісінше, олар болашақтағы соғыстарды жүргізу тәсілдерін өзгертетін және біздің қазіргі қоғамдарымыздың негізін терең өзгерте алатын, адамның жетілуіне ықпал ететін төңкеріс перспективасын көтеруде. Профессор Жан-Франсуа Карон өзінің кітабында осы жаңа технологиялардың этикалық салдары туралы әңгіме қозғайды. Кітап соғыс әдебіне қызығушылық танытатын студенттер мен ғалымдар үшін бірегей ресурс болып табылады. 

Автор жайлы: Доктор Жан-Франсуа Карон Назарбаев Университетінің саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті болып табылады. Назарбаев Университетіне дейін доктор Карон Монктон университетінде (Канада) доцент болып жұмыс істеді, сондай-ақ Лаваль, Шикутимидағы Квебек университеттерінде және Камбр аббаттығында еуропалық зерттеулер институтында сабақ берді.

Доктор Каронның зерттеулері көпұлтты мемлекеттердің бірлігі мен саяси тұрақтылығы, этномәдени әртүрлілік пен қазіргі заманауи әскери этикасының контекстінде ұлттық бірегейлік анықтамасының өзгеруі сияқты түрлі мәселелерге бағытталған.