Қазақстан мен Ұлыбританияның ғалымдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ауысумен байланысты талаптар мен мүмкіндіктерді зерттеу бойынша біріккен жұмысты бастады
2015 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің және Назарбаев университетінің зерттеушілер тобы “Қазақстанның денсаулық сақтау секторындағы реформалардың макроэкономикалық әсерлері” жобасы үшін Британ Кеңесінен Ньютон Қорының Институтционалдық байланыстар бағдарламасы бойынша зерттеу жүргізуге грант алды. Жоба Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландыру саласындағы реформалардың халықтың әл-ауқатына әсерінің салдарларын және макроэкономикалық салдарларын зерттеу мен бағалау міндеттерін анықтайды. Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ауысуды бастады. Бұл шешім үкіметтің барлық халық, оның ішінде осал және кедей халық санаты үшін денсаулық сақтауға қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша әмбебап тәсілге қол жеткізуді байқатып, сондай-ақ денсаулық сақтау секторының республика бюджетіне жүктемесін азайтады.
Семинар барысында ғалымдар Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ауысудың экономикалық салдарларын бағалау, үй шаруашылықтарының медициналық шығыстарын бағалау және медицина қызметкерлерінің әл-ауқатын анықтайтын негізгі факторларды анықтау бойынша жүргізілген зерттеудің негізгі нәтижелерін ұсынды.
Іс-шараға Қазақстан мен Ұлыбританияда жобамен жұмыс жасайтын зерттеушілер қатысты. LSE Health және Бас университетінен (University of Bath) шақырылған спикерлер табыс деңгейі орташа елдерде медициналық қызметтермен әмбебап қамту, науқастардың іс-әрекеті және Ұлыбританияда денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестік мәселелері бойынша таныстырылымдар ұсынды.
Семинар нәтижелері Қазақстан үкіметіндегі тиісті директивті органдарға тапсырылады, сондай-ақ резенцияланатын журналдарда жарияланады.