PSIR жаңалықтар

Саясаттану және халықаралық қатынастар бойынша магистрлік дәрежеде оқитын студент Бейбітшілік, Әділдік және Мықты Институттар жайлы сөз қозғап, пікірін білдіру мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымына шақырылды!

Jamilya-Nurkanova-960×340

ГӘҒМ-дегі Саясаттану және халықаралық қатынастар бойынша магистрлік бағдарламасының студенті Жәмиля Нурканова Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы залына сөз сөйлеуге шақырылды және Біріккен Ұлттар Ұйымы 2030-дың тұрақты даму жөніндегі күн тәртібіне байланысты іс-шаралар жоспарын ұсынатын болады. Оның себебі Жәмиля 2017 жылы  “ManyLanguages, One World®“ атты эссе бойынша жарысқа қатысып, оның жеңімпаздарының бірі атанды. Бұл жарыстың бірінші кезеңінде қатысушылар БҰҰ-нің алты ресми тілдерінің бірінде (Араб, қытай, ағылшын, француз, орыс және испан) жаһандық азаматтық жайлы эссе жазған болатын. Бірінші кезеңге  170 мемлекеттің 6000-нан астам өкілі және 1950-ден астам жоғары оқу орындары қатысты. Нәтижесінде, тек 60 студент жарыстың жеңімпазы атанды. Жәмиля ағылшын тілінде жазу өзіне бәсекелестікті арттыратынын біле тұра, өзіне ыңғайлы болғандықтан ағылшын тілінде жазуды ұйғарды. Оның эссесі “Бұл нүктеге қайта қара” деп аталады және қуана эссесін басқа студенттермен бөліседі. Қазір Жәмиляның қуанышында шек жоқ және ол өте қатты толқып жүр. Ол осы жылдың 18 шілдесінде Бостон қаласында өтетін Тұрақты даму – Бейбітшілік, Әділдік және Мықты Институттар жайлы семинарда басқа елдің өкілдерімен бірге жұмыс жасауға дайын. Жәмиляның іс-жоспары Назарбаев Университеті мен  БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары жайлы Қазақстандағы БҰҰДБ кеңсесінің қазіргі таңдағы ынтымақтастығына жәрдем көрсетеді. Жәмиля, біз сені шын жүректен құттықтаймыз!