PSIR жаңалықтар

Саясаттану және халықаралық қатынастар магистратура бағдарламасының (MAPSIR) студенттері Тбилиси оқу сапарынан оралды

MAPSIR-trip-to-Tbilisi-2-960×340

Сегіз MAPSIR студенттері, профессорлар Алексей Трошев және Хелена Тибомен қатар, өздерінің Тбилиси (Грузия) оқу сапарынан қайтты. Сапар 2016 жылдың қазанның 8 өткізілген грузиялық парламенттік сайлауын бақылауға арналды. Бұл күні студенттер Тбилисинің бірнеше сайлау учаскелеріне бара, ерекше назарды сайлау науқанына аударып, бүкіл процесті бақылады. Содан кейін студенттер сайлау қорытындыларын, профессорлар Малхаз Сальдадзе және Тимоти Бловельтпен (екеуі де Илиа Ұлттық Университетінен) одан да көп саяси тарихты талқылады.

MAPSIR студенттерінде (грузин асының дәмін айыруға қоса алғанда!) өте қауырт кестесі болды. Бір апта ішінде олар танымал грузин саясаттанушыларымен кездесіп, саяси мен қоғамдық өмірдің маңызды сұрақтарын талқылады. Ғалымдар арасында, Кавказдың этникалық қақтығыстары, ұлтшылдық және қауіпсіздік зерттеулерімен бөліскен, Тбилиси Мемлекеттік Университетінің (ТМУ) профессоры Дэвид Мацаберидзе болды. Журналистика және саясат тәжірибесі жайлы профессор Хатуна Майсашвили да (сондай-ақ ТМУ) өз дәрісінде бөлісті. Студенттер үшін ең қызықты тақырып грузин БАҚ және оның саяси өмірге әсері болды. «Грузиялық БАҚ-ның төмен реттеу мен сөз бостандығының жоғары деңгейінде болғаны тамаша» дейді студенттер. Сонымен қатар, студенттер Кавказ Халықаралық Университетінің (КХУ) Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Ирине Гвинериямен, профессор Александ Русецкиймен және КХУ инновациялық және стратегиялық даму бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.