PSIR жаңалықтар

Саясаттану және халықаралық қатынастар профессоры Д-р Нил Коллинз: «ЭКСПО – мақсаты, міндеті және маңызы»

Neil-Collins-960×340

EXPO-ның басталуына бірнеше күн қалғандағы қаладағы қарқын жұмыс пен толқуды байқамау мүмкін емес. Басқа елдерден келген жүздеген делегаттар өздерінің стендтерін орналастырып, қаланы аралап, бұрынғы Кеңес Одағының ескі қаласы Қазақстанның көркем әрі заманауи Астанасына айналғанын тамашалауда.

Беларусь 1-ші Арнасының командасы осы мерекені тамашалауға келді және Назарбаев Университетіне келіп, бірнеше жыл дайындалып, асыға күткен орасан зор жоба жайлы біздің профессорлармен сұхбат жүргізді. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің профессоры Нил Коллинз Беларусь 1-ші Арнасына жобаның қазақ ұлты үшін міндеті, мақсаты және маңызы жайлы сұхбат берді. Толық бейнені көру үшін келесі сілтемені басыңыз: https://www.youtube.com/watch?v=evtw8X1YodQ