Шырақ
Ана тілінің абыройын асқақтатып, мәртебесін биіктету мақсатында Сәуле және Самал апайларымыздың қанатының астына Назарбаев Университетінің студенттері жиналып, 2016 жылдың ақпан айының 21 жұлдызында «Шырақ» ұйымы құрылды. Тілдің жанашыры, әрі сақшысы болған бірнеше студент ұйымда жұмыс істеуге тілегін білдірді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, Еркеғали бастаған, Азамат қостаған студенттер ұйымның жұмысын дөңгелетіп әкетті. Көзді ашып жұмғанша абыроймен бірнеше іс-шаралар өткізілді.