Жаңалықтар

SSRES жазғы мектебіне онлайн тіркелу басталды

Шаблон zoom SSH, копия, копия (14)

Орыс тілі және Еуразиялық зерттеулер саласындағы жазғы мектебіне (SSRES) тіркелу басталды. 

Назарбаев Университетіндегі (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) Орыс тілі және Еуразиялық зерттеулер саласындағы жазғы мектебі (SSRES) биылғы жылы студенттерге қазақ тіліне терең үңілуге, қазақ және посткеңестік мәдениеттерімен танысуға мүмкіндік беретін қарқынды академиялық бағдарлама болып табылады.

SSRES 2021-дің негізгі компоненті тілдің барлық аспектілері бойынша оқытудың толық оқу жылының (8 апта) баламасын ұсынатын қазақ тіліндегі қарқынды курстар болады. SSRES-тегі тілдік курстар оқытудың коммуникативті әдісін қолдана отырып, лингвистикалық және мәдени иммерсия арқылы оқытылады. 

Студенттер біліктілік деңгейлеріне сәйкес (ACTFL шеберлігі бойынша нұсқаулықта анықталған) топтарға бөлінеді. Курстарды қазіргі әдістемелер бойынша оқытылған және шетелдік студенттерді оқытуда тәжірибесі бар мамандар жүргізеді.

Бағдарламаға бакалавриат пен магистратураның халықаралық студенттері, сондай-ақ жұмыс істейтін мамандар қатыса алады. Толық ақпарат үшін сілтемеден өтіңіз.