KazLT жаңалықтар

Зерттеу жұмысы: «Алтын Орданың халықаралық байланыстары: 13-15 ғасырлардағы індет, климат және саясат»

870_600_fixedwidth

Зерттеу тобы: Юлай Шамилоғлы (профессор, қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі, SSH), Айдын Жүнісханов, Айкен Асқапұлы

Бұл жоба профессор Юлай Шамилоғлының Орталық Еуразияның ортағасырлық кезеңіндегі әлеуметтік, экономикалық, мәдени және экологиялық тарихын зерттеуіне қолдау көрсетеді. Профессордың алғашқы еңбегі 13-14 ғасырлардағы Алтын Орданың тайпалық саясатын және қоғамдық ұйымын зерттеуге бағытталған.

Кейінірек ол 13 – 14 ғасырлардағы қоғам, экономика және өркениет туралы кітап жазу барысында, Алтын Орданың 1360 жылдары басталған анархияға құлауын түсіну құралы ретінде “Қара өлімнің”  (14-ші ғасырдың ортасында басталған тубонды оба пандемиясы) әсерін зерттей бастады. Бұл зерттеу осы кезеңдегі оба салдарынан болатын әлеуметтік, экономикалық және мәдени өзгерістерді де зерттейді. 

Зерттеудің үшінші кезеңі – тек 14 ғасырдың аяғындағы күрделі жағдайларды ғана емес, сонымен қатар індеттің, 13 ғасырдың аяғында басталған және 16-17 ғасырлардағы «Кіші мұзды дәуірге» алып келген климаттық құлдыраудың осы кезеңдегі Орталық Еуразияның мемлекеттері мен жергілікті популяцияларына қалай әсер еткенін зерртеу. 

Осы кезеңді бірнеше онжылдықтар бойы зерттегеннен кейін профессор белгілі бір көшпелілердің қозғалыстары (мысалы, Алтын Орданың батыс жартысын Тоқтамыстың жаулап алуы немесе Әбілқайыр хан тұсында Шайбанидтердің оңтүстікке қарай көшуі) тек оба кесірінен ыдыраған аудандарға көшетін популяцияларға ғана байланысты емес, сонымен қатар халықтың климаттың өзгеруіне жауап ретінде көшуі мүмкін екенін болжай алады. Бұл кезең Шайбанидтердің оңтүстікке қарай таралуымен, әртүрлі көшпелі топтар арасындағы күрестермен, Қырым, Қазан, Астрахан және Тюменнің батыс аудандарында бірқатар хандықтардың құрылуымен, сонымен қатар батыста орыс кнәздіктерімен, ал шығыста Қытаймен болған күрестермен сипатталады. 

Зерттеу нәтижесінде осы кезеңнің жаңа, пәнаралық баяндауы пайда болады. Бұған байланысты зерттеулер Орталық Еуразиядағы туба обасының генетикалық тарихы, сол кезеідегі қала орталықтарының тарихы және олардың күйреуі, сонымен қатар Орталық Еуразия халықтарының этнолингвистикалық тарихы бойынша зерттеулерді қаржыландыратын жаңа пәнаралық жобаларға әкелуі мүмкін.