Жаңалықтар

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі физика, математика және өмір туралы ғылымдар бойынша үш жаңа докторантура бағдарламаларын ұсынады

chemistry

Құрметті талапкерлер! Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі докторлық дәрежеге жетелейтін үш жаңа PhD бағдарламаларын ұсынатындығын қуана хабарлаймыз: 

Математика мамандығы бойынша докторантура

Математика мамандығы бойынша докторантура – бұл өздігінен оқып, жетілдіруге және іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, зерттеу нәтижелілігі мен әсерін арттыруға мүмкіндік беретін, математикаға негізделген болашақ зерттеуші, оқытушы немесе маманы болғыңыз келсе, бұл сізге қажет бағдарлама.

Физика саласындағы докторантура бағдарламасы

Физика саласындағы докторантура бағдарламасы Назарбаев Университетінің (НУ) жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитаралық ғылымдар мектебіндегі (SSH) Қазақстанда және шетелдік академияларда, өнеркәсіпте және ғылыми зерттеулер саласында мансаптарын жалғастыруды жоспарлап отырған адамдар үшін сарапшылар деңгейінде алдыңғы қатарлы дағдылар мен білім базасын қамтамасыз етуге арналған. Бағдарлама алдыңғы қатарлы курстар бойынша білімді жетілдіруге және ғылыми-зерттеу дағдыларын жоғары деңгейде дамытуға бағытталған.

Өмір туралы ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламасы

Өмір туралы ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламасы – бұл қазіргі заманғы жоғары сапалы өмірлік ғылым мамандарын дайындайтын, негізгі және элективті пәндерден тұратын пәнаралық докторлық бағдарлама. Докторантура бағдарламасының негізгі міндеті – адам ауруларының молекулалық негізінен басталатын және қоршаған ортаны қорғау және бақылау стратегияларын әзірлеуге дейінгі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілетті, өмір туралы ғылымдар бағдарламасында пәнаралық дағдылары мен өмірлік ғылымдар саласындағы тәжірибесі бар халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті ғалымдарды дайындау болып табылады.

Өтінімді қалай алу керектігін білу үшін сілтемеден өтіңіз.