Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі химия саласы бойынша жаңа докторантура бағдарламасын ұсынады
Құрметті талапкерлер! Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі докторлық дәрежеге жетелейтін жаңа Химия саласындағы PhD бағдарламасын ұсынатындығын қуана хабарлаймыз.
Назарбаев Университетінің Жараталыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (ЖӘГҒМ) химия саласындағы докторантура бағдарламасы докторанттарды химия бойынша тәуелсіз, шығармашылық тәжірибеші болуға дайындауға бағытталған. Бағдарлама докторанттарға академиялық ортада, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерде, ғылыми негізделген стартаптарда және өндірістегі мансаптық бағыттарға дайындалуға мүмкіндік беретін теория мен тәжірибелер негізінде оқытудың интенсивті әдісін ұсынады. Химия бойынша докторантура бағдарламасы болашақ жоғары технологиялық өндірістер мен білімге негізделген экономиканың негізі болып табылатын Қазақстанның басым бағыттарына бағытталған.
Білім алушылыр Химия саласындағы докторантура бағдарламасын аяқтай отырып, химияның негізгі және озық қағидалары туралы терең және жүйелі білім алады, сонымен қатар ХХІ ғасырда және одан кейінгі ғылыми және технологиялық мәселелердің кең спектрін анықтау, талдау және шешуді қамтамасыз ету қабілетін? Сонымен қатар кәсіпкерлік дағдыларын дамытады. Бағдарлама түлектері тиісті мамандықтар бойынша озық химиялық, физикалық, математикалық, теориялық және практикалық тәжірибе алады деп күтілуде.
Білім алушылар 4 жыл ішінде 240 ECTS кредитін бітіруі керек, бұл Назарбаев Университетіндегі докторлық бағдарламалар мен курстарының нормативтік негізіне сәйкес келеді (2019).
Бағдарлама кешенді курстық жұмыс пен ғылыми қызметтен тұрады. Курстар білім алушыларға химия пәнінен жоғары білімді меңгеруге мүмкіндік береді. Қосымша икемді оқу уақыты олардың зерттеу бағдарламасына бөлінді, бұл оларға арнайы жабдықты оқыту курстарына қатысуға және олардың ғылыми жобалары үшін қажет Назарбаев Университетінің негізгі құралдарымен жұмыс істеуде практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Кешенді емтихан тапсырғаннан кейін және докторлық диссертацияның ұсынысын қорғау үшін білім алушылар химия немесе химияға қатысты пәнаралық салада жаңа зерттеулерді әзірлеуге және тәжірибеге енгізуге міндетті. Бағдарламаның зерттеу компоненттері мен диссертацияны қорғауды әр докторант бағдарламаны аяқтап, бітіру үшін тапсырады.
Бағдарлама жайлы толық ақпарат алу үшін сілтемеден өтіңіз.