Жаңалықтар

Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің виртуалды ашық есік күні 17 наурыз күні өтеді

Breaking News

Назарбаев Университетінің жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің виртуалды ашық есік күні 2022 жылдың 17 наурызында өтетінін қуана хабарлаймыз. Ашық есік күнінде  сіз магистратура және докторантура бағдарламаларының талаптары, NU SSH-ке қабылдау процесі, стипендиялар, зерттеу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат аласыз, сонымен қатар профессорлар мен мектептің Академиялық және студенттермен жұмыс бөлімінің қызметкерлеріне қызықтыратын сұрақтар қоя аласыздар.

Қатысу үшін төменге өтіп тіркелу қажет:

Сондай-ақ ашық есік күні барысында сіз Жазу орталығының нұсқаушысы Джеймс Свайдердің оқуға түсудің міндетті талабы болып табылатын жақсы мотивациялық хатты қалай жазу керектігі туралы презентациясын тыңдауға тамаша мүмкіндік аласыз.

Іс-шара ағылшын тілінде өтеді. 

Іс-шара бағдарламасы:

Күні мен уақыты Тақырыбы Спикер
!8:00 – 18:05  Маркетинг командасының кіріспе сөзі және іс-шара ережелерімен танысу Айдана Киндирова, маркетинг менеджер
18:05 – 18:15 Мектеп деканының сәлемдеме сөзі Доктор Гонзало Хап Хартелано, декан қызметін атқарушы
18:15 – 18:40  NU SSH-те зерттеу жүргізу (STEM перспективасы) Константинос Валагианнополос, Физика кафедрасының қауымдыстырылған профессоры
18:40 – 19: 05 NU SSH-те зерттеу жүргізу (Әлеуметтік ғылымдар перспективасы) Николай Цыремпилов, Тарих, Философия және дінтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры
19:05 – 19:30 Жақсы мотивациялық хат қалай жазылады? Джеймс Свайдер, Жазу Орталығының нұсқаушысы
19:30 – 19:55  Магистратура бағдарламалары жайлы презентация Асем Қойшыбаева, академиялық және стуенттік істер офисінің менеджері 
19:55- 20:15  Докторантура бағдарламалары жайлы презентация Асель Жакибаева, академиялық және стуенттік істер офисінің менеджері 
20:15 – 20:20  Сұрақ-жауап  Асем Койшыбаева и Асель Жакибаева,академиялық және стуенттік істер офисінің менеджерлері