«Жас Ғалым» атты студенттердің ғылыми көрмесі
Назарбаев Университеті Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің «Қазақ тілі және түркітану» департаменті Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігімен бірлесе 2019 жылдың 12-19 сәуірінде «Жас ғалым» атты студенттердің ғылыми көрмесі өткізді. Ғылыми көрме қазақтан шыққан тұңғыш академик, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туғанына 120 жыл толуына және 2019 жыл – Жастар жылына арналды.
Көрменің маңыздылығы: Назарбаев университетінде қазақ тілінің мәртебесін арттыру; Қазақ қоғамының өзекті мәселелерін зерттеу арқылы жастардың бойында тұлғалық белсенділігін дамыту; Студенттердің қазақ тілінде академиялық ғылыми ізденістер жүргізу дағдыларын қалыптастыру; Астана қаласы жоғары оқу орындары студенттері арасында интеграциялық қарым-қатынасты дамыту болып табылады.
«Жас ғалым» атты студенттердің ғылыми көрмесіне Нұр-Сұлтан қаласының 5 университеттерінен 60-тан астам студенттер мен профессорлар қатысты. Көрмеге қатысқан ЖОО қатарында: Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті; Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университеті; Нәрікбаев атындағы Қазақ Заң университеті; Еуразия гуманитарлық институты; «Тұран-Астана» университеті
Ғылыми көрмеде сарапшыларының іріктеуінен өткен үздік 40 ғылыми постерлер мен ғылыми мақалалар қойылды. Студент постерлері зерттеу салалары бойынша 4 ғылыми бағыттар бойынша жүйеленді: Қазақ тіл білімі; Қазақ әдебиеттану ғылымы; Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар; Жаратылыстану-техникалық ғылымдар. Ғылыми постерлер тақырыбы отандық және халықааралық деңгейдегі өзекті мәселелерге арналды. Мысалы, ғылыми жұмсытар еліміздегі латын әліпбиі реформасынан бастап қауіпті ісікті емдеудің соңғы медициналық зерттеулері қарастырылды.
«Жас ғалым» көрмесінің ашылу рәсімін кіріспе сөзбен «Қазақ тілі және түркітану» Департаментінің меңгерушісі Юлай Шамилоглы ашты. Қатыстушыларға құттықтау сөзді – Назарбаев Университетінің студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Дайырова, Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің деканы Дэниэль Пью, Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің президенті Эльмира Оразалиева, «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының директоры Гүлтас Құрманбай айтты.
Көрмеге қатысушылар ғылыми ізденістерін арнайы кәсіби мамандардан жасақталған әділқазылар алқасына қорғады. Көрме жұмысының қорытындысы бойынша 4 ғылыми бағыттардан ең үздік ғылыми жұмыстар анықталды:
- «Қазақ тіл білімі» бағыты бойынша – «Әлеуметтік желілердегі тілдік агрессия», Давронбекова Нафосатхон, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ Университеті
- «Қазақ әдебиеттану» бағыты бойынша – « І.Жансүгіровтің “Құлагер” поэмасының ағылшын тіліне аударылу сипаты», Әуез Аружан, ГӘҒМ, 1 курс
- «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша – “Заманауи Нұр-Сұлтан тұрғын үй кешендері атауларының үрдісі”, Сыратай Асылзат, Ақанова Салтанат, ГӘҒМ, 2 курс
- «Жаратылыстану ғылымдар» бағыты бойынша – «Көмуге кететін қалдықтар көлемін азайту жолдары», Күмісбек Айғаным, Қалдар Салтанат, Инженер, 4 курс
Көрме соңында барлық қатысушаларға арнайы сертификат және ең үздік постер жүлдегерлеріне марапаттау мен арнайы сыйлықтар таратылды.
«Жас ғалым» атты студенттердің ғылыми көрмесі – ғылыми пікір-таластар мен болашақ ғылыми әлеуеттің қалыптасу алаңына айналды!