Жаңалықтар

Жазу жайлы әңгіме, НУ: Үйрену, қызықтыру және жасампаздық үшін жазу

AI_fiction_writing_GettyImages_1124658526.0

NU Writing Talks

Жазу жайлы әңгіме, НУ

Үйрену, қызықтыру және жасампаздық үшін жазу

3, 10, 17, 24 Сәуір, 2021 жыл

Назарбаев Университетінің Академиялық Жазу Орталығы ерекше қуанышпен алғашқы рет өткізіліп отырған NU Writing Talks атты симпозиумның ашылуын жариялайды. Бұл симпозиум академиялық жазудың барлық аспектілеріне арналған және академиялық және ғылыми-зерттеу мақсатында ағылшын тілін оқыту мен үйренудің халықаралық деңгейдегі барлық перспективаларын қамтиды. 

NU Writing Talks-тың бірінші топтамасы сәуір айының қатарынан келетін төрт демалыс күнінде тек онлайн режимінде өткізілетін болады. Әр демалыс сайын Академиялық Жазу Орталығы мен басқа да пән оқытушылары құрамынан келген спикерлер академиялық және ғылыми-зерттеу мақсатында жазуға баулу барысындағы жетістіктер мен қиындықтарды талқылай отырып, 90-минуттық вебинар өткізеді. Бұл вебинарлардың мақсаты – әртүрлі пәндер мен институттар арасындағы оқу және оқыту ісшаралары мен олардың нәтижелерін кең ауқымда қолдау мақсатында тәжірибе және ресурстармен алмасу. 

Біздің студенттер университетке түскенде «академиялық деңгейде жазып» үйренеміз деген мақсатпен келеді. Көп жағдайда олар «академиялық деңгейде жазу» дегенді кез келген академиялық міндеттер мен контекстілерге сай келетін әмбебап кілт ретінде қолданылатын тілдік дағдылардың жалпы жиынтығы деп біледі. Алайда, үйрене келе, жазудың белгілі бір контекстіде өрбіп, жеке ғана емес, сонымен қатар ұжымдық және институционалдық ойлау процестерін дамытатын динамикалық және стратегиялық әлеуметтік қызмет екендігін түсінеді. Жазу – бұл ғылымдағы қажет болған жағдайда ғана, немесе күнделікті ғылыми-зерттеу қызметіне «қосымша» атқарылатын жұмыс емес. Жазу пәндік танымда және жалпы академиялық өмірде «істің қалай атқарылатынын» анықтайтын негізгі фактор. Сондықтан да биылғы NU Writing Talks -тың тақырыбы – «Үйрену, қызықтыру және жасампаздық үшін жазу». Жазудың көмегімен студенттер іргелі ұғымдарды игеріп, білімнің эпистемикалық және пәндік негіздерімен танысып қана қоймай, сонымен қатар осы ұғымдар мен негіздерді талдап, оларды әртүрлі жаңа мәселелерді шешу мен жағдаяттарды игеру үшін қолданады. Алған білімдерін сыни тұрғыдан талдауды үйренеді. Қысқаша айтқанда, жазу жоғары оқу орындарындағы оқудың барлық танымдық мақсаттарына жету жолында септігін тигізеді және сыни тұрғыдан ойлауға маңызды стимул болып табылады.

Төрт вебинардың егжей-тегжейлі бағдарламасы симпозиум өтетін күнге жақын уақытта ұсынылады. Біз және біздің жұмысымыз жайлы қосымша ақпаратты https://shsswritingcenter.wixsite.com/writingcenterprogram  сайтынан таба аласыздар. Егер іс-шараға қатысты сұрақтарыңыз болса, келесі электронды поштаға жазуыңызды сұраймыз: writingtalks@nu.edu.kz.