Бағдарлама туралы
Назарбаев Университетіндегі (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) ) Қазақ тілі және Еуразиялық зерттеулер саласындағы жазғы мектебі (SSKES) биылғы жылы студенттерге қазақ тіліне терең үңілуге, қазақ және посткеңестік мәдениеттерімен танысуға мүмкіндік беретін қарқынды академиялық бағдарлама болып табылады.
2022 жылы SSKES аптасына 20 байланыс сағаты бар қазақ тілінде 8 апталық онлайн бағдарламаcын ұсынады.
8 апталық бағдарлама (1 оқу жылына сәйкес): | 6 маусым - 29 шілде, 2022 ж. |
Pre-program | Біліктілікті тексеру, жалпы бағдар |
Дүйсенбі, 6 маусым | Оқудың басталуы |
Сейсенбі, 6 шілде | Мемлекеттік демалыс күні |
Жұма, 29 шілде | Оқу бітіру емтихандары |
Post-program | Кетуден бұрынғы тестілеу, консультация |
«Қазақ тілі және еуразиялық зерттеулер жазғы мектебінің»
білім беру бағдарламалардың құны
Атауы | Құны | Теңге* |
Қазақ тілінің сегіз апталық курсы (оқу материалдарды қоса) | $2,500 | 1 075 000 |
Қазақ тілінің төрт апталық курсы (оқу материалдарды қоса) | $1,500 | 645 000 |
Өзге де шығыстар, оның ішінде:
|
$1,780 | 765 400 |
Өзге де шығыстар, оның ішінде:
|
$1000 | 430 000 |
Өтінім берудің соңғы мерзімі 5 маусым, 2022 ж.
Бағдарламаға шолу
Биылғы жылы SSKES студенттерге қазақ тілін жеделдете оқытатын курсын ұсынады. Студенттер біліктілік деңгейіне сәйкес бөлінеді: бастауыш, орта және жоғары деңгейлері.
SSKES 2022-дің негізгі компоненті тілдің барлық аспектілері бойынша оқытудың толық оқу жылының (8 апта) баламасын ұсынатын қазақ тіліндегі қарқынды курстар болады. SSKES-тегі тілдік курстар шет тілін оқытудың коммуникативті әдісін қолдана отырып, лингвистикалық және мәдени иммерсия арқылы оқытылады. Студенттер біліктілік деңгейлеріне сәйкес (ACTFL шеберлігі бойынша нұсқаулықта анықталған) топтарға бөлінеді. Курстарды қазіргі әдістемелер бойынша оқытылған және шетелдік студенттерді оқытуда тәжірибесі бар мамандар жүргізеді.
Бағалаудың алуан әдістері студенттердің академиялық жетістіктерін және игерудің жоспарланған нәтижелеріне қолжеткізу қабілеттігін өлшеу үшін пайдаланылады. Нақты студенттер бағалаудың бірнеше әдістерін бағаланады, ол бағаланушы жазбаша бақылау жұмыстарын және сынақтарды, бағаланушы презентацияларды, емтиханды, тілдік құзыреттерді кіріс және шығыс сынау.
Бағдарламаға бакалавриат пен магистратураның халықаралық студенттері, сондай-ақ жұмыс істейтін мамандар қатыса алады.
Назарбаев Университеті Нұр-Сұлтанда (Қазақстан) орналасқан батыс стиліндегі университет болып табылады. Университеттің оқыту тілі – ағылшын тілі. Университеттегі академиялық процестер халықаралық білім беру стандарттарына негізделген. Назарбаев Университеті – Қазақстанда халықаралық академиялық стандарттарға сай жұмыс жүргізетін, дербестік және академиялық қағидаттармен басқарылатын ең алғашқы университет.
Виртуалды экскурсиялар: Биылғы жылы біздің онлайн бағдарлама студенттерге Қазақстанның әр түрлі қалалары мен сайттарына виртуалды экскурсиялар жүргізуге мүмкіндік береді, оны студенттер, оқытушылар, сонымен қатар нұсқаушылар мен бағдарлама қызметкерлері ұйымдастырады. Виртуалды платформа студенттерге Қазақстанды, Нұр-Сұлтан қаласынан тыс жерлерді сезінуге мүмкіндік береді.
Нұсқаушы-студенттер: Сабаққа қатысудан басқа, студенттер өздерінің әңгімелесу дағдыларын екі және одан да көп тілді меңгерген нұсқаушы-студенттердің көмегімен дамыта алады.
Еуразиялық зерттеулер туралы лекциялар топтамасы
Лекциялар кең аудиторияға арнаған және тыңдаушыларды Қазақстанның мәдениетімен, тарихымен және әдебиетімен таныстыруға бағытталған. Лекцияларды өздерінің қызмет салаларында заманауи зерттеулер тақырыбын қозғайтын Назарбаев Университетінің профессорлары оқитын болады.
Лекциялар топтамасы SSKES 2022 бағдарламасының қатысушыларына, сондай-ақ студенттер мен университет қызметкерлері үшін ашық.