Бакалавриат бағдарламалары

Бағдарлама міндетті және таңдау курстарының үйлесімін ұсынады, олар студенттерге антропологияның әр түрлі салаларында қолданылатын, сондай-ақ әрқайсысы пайдаланатын әдістер мен теориялар туралы кең білім береді. Бағдарлама шеңберінде студенттерге зерттеу және сыни ойлау дағдыларын дамыту және өздерінің зерттеу дағдыларын жергілікті және жаһандық мәселелермен ұштастыра отырып тәжірибе жүзінде қолдану ұсынылады.

Жалпы ақпарат

Адам болу деген не екенін жүйелі түрде зерделеуге бағытталған бағдарлама. Студенттер мәдени мінез-құлыққа және институттарға, биологияға, материалдық мәдениетке және тілге баса назар аударатын толық көзқараспен танысады. Бағдарлама төрт жақты болып табылады, бұл студенттер археология, лингвистикалық антропология, әлеуметтік-мәдени антропология және биологиялық антропология бойынша сабақтар өтетінін білдіреді.

Сонымен қатар, кафедра медициналық антропология, приматология, нәсілдік және этникалық тиістілік, экономикалық антропология, гоминид, тарихқа дейінгі археология, қоршаған ортаның антропогендік модификациясы, гендер, сексуалдық және басқа да тақырыптарға арналған курстарды ұсынады. Студенттер пәннің теориялық концепциясымен, зерттеу әдістерімен, этика және практикамен танысады. Сыни ойлауға, өмір бойы оқытуға және берілетін дағдыларды игеруге ерекше көңіл бөлінеді. Мүмкін мамандықтар қолданбалы антропология, корпоративтік этнография, қоғамдық денсаулық сақтау, білім беру, медицина, сот патологиясы, музейтану, мәдени ресурстарды басқару, археология, палеонтология, лингвистика, адами ресурстар және халықаралық істер сияқты салаларды қамтиды.

Негізгі талаптар
Негізгі талаптар

Ағылшын Тіліне Қойылатын Талаптар


IELTS – жалпы балл 6.5-тен кем емес (әрбір секция бойынша 6.0-ден кем емес)
немесе
TOEFL IBT – 79-93 TOEFL IBT – 94-101 (Reading – 13-тен кем емес, Listening – 12-ден кем емес, Speaking – 18-ден кем емес, Writing- 21-ден кем емес)
немесе
TOEFL PBT* – 574-599

Академиялық талаптар

- Орта мектеп, UK foundation бағдарламасы, коллед түлектері мен оқушылары, сондай-ақ, A-level бағдарламасының түлектері

(SAT Reasoning ACT тестіне қойылатын ең төменгі талаптар)
SAT Reasoning Test - 1240 кем емес. Эссе міндетті емес, төменгі балл белгіленбейді.
ACT writing part міндетті емес – жалпы балл (composite score) кем дегенде 27.

- IВ Diploma бағдарламасының түлектері мен оқушыларына қойылатын ең төменгі талаптар

IB DP бойынша ең төменгі талаптар - жалпы балл 30 және 4, 4, 5 балл ілгері деңгейдегі 3 пән бойынша

- NIS Grade 12 Certificate* иегерлері – түлектеріне қойылатын ең төменгі талаптар

NIS 12 Grade Certificate - Үш пәннен кем дегенде ABB (талапкер таңдауымен)

*NIS Grade 12 Certificate иегерлері – түлектері конкурсқа IELTS және SAT нәтижелерімен "Орта мектеп түлектері" санатында қатыса алады (аталған санатқа қойылатын талаптарды жоғарыдан қараңыз).

Оқу ұзақтығы

4 жыл

Оқуды тәмамдағаннан кейін қайда жұмыс істеуге болады?

Антропология бакалавриат – бұл адамды түсінуге бағытталған жан-жақты дәреже және келесі бағытта жұмыс істегісі келетін адамдар үшін тамаша мүмкіндік:

Ғылыми ұйымдарда

Академия (университеттер)

Үкімет

Мемлекеттік емес ұйымдар

Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар

Оқу бағдарламасының қысқаша мазмұны

Бакалавриат бағдарламасы 4 жылдық (8 семестр), онда сіз ECTS 240 кредитін толық алуыңыз қажет.

Антропология Курстары:
100 деңгейлік 3 ANT курсы
Сапалы әдістер
Антропологиялық Теория
Алдыңғы қатарлы немесе орта деңгейдегі үш курс кем дегенде екі жеке облыста (мәдени, биологиялық және археологиялық антропология)
Антропология бойынша таңдау пәндері
Қорытынды тезис

Міндетті курстар:
Тарих
Қазақстан тарихы
Философия / Дін
Риторика және композиция
Таңдау бойынша гуманитарлық пәндер
Әлеуметтік ғылымдарды зерттеу әдістері
Қоғамтану бойынша үш факультатив
Жаратылыстану ғылымдары және математика
SSH немесе SEDS кез келген курстары

2021 © School of Sciences and Humanities