Бакалавриат бағдарламалары

Биология ғылымдары саласындағы ғылым бакалавры (BSc) бағдарламсына жасушалық және молекулалық биологияны, биоинформатика, клеткалық, рекомбинантты, микроскопия және визуализация технологиялары, молекулалық генетика, Микробиология, иммунология, нейробиология және басқа да технологияларды қоса алғанда, биологиялық және биомедициналық ғылымдар мен технологиялардың қазіргі салаларындағы заманауи теориялық және практикалық зертханалық курстары кіреді.

Жалпы ақпарат

Биология ғылымдары саласындағы ғылым бакалавры (BSc) бағдарламсына жасушалық және молекулалық биологияны, биоинформатика, клеткалық, рекомбинантты, микроскопия және визуализация технологиялары, молекулалық генетика, Микробиология, иммунология, нейробиология және басқа да технологияларды қоса алғанда, биологиялық және биомедициналық ғылымдар мен технологиялардың қазіргі салаларындағы заманауи теориялық және практикалық зертханалық курстары кіреді.

Біздің бағдарлама ұлттық және халықаралық деңгейлерде табысқа жетуге және Қазақстандағы зерттеулер мен әзірлемелерге жәрдемдесуге қабілетті кәсіби, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау үшін 3.0 жаңғырту стратегиясымен келісіледі. Оқытуға, зерттеулер мен инновацияларға кешенді көзқарас зерттеулер, ғылыми орта, медицина, өнеркәсіп және аралас салалардағы мансапқа өте жақсы дайындықты қамтамасыз етеді. Биология ғылымдарының түлектері Қазақстанның экономикасымен, білім берумен, қоршаған ортамен және денсаулық сақтаумен байланысты түрлі салаларда жұмыс таба алады. Бұл салаларда олар ғылыми-техникалық, сондай-ақ техникалық емес салаларда басшылық қызметтерге дейін өсуі мүмкін.

Осы бағдарламаның түлектері өз білімін бірнеше жолмен жалғастыра алады және Назарбаев Университетінде немесе халықаралық деңгейде, өмір туралы ғылымның, медицина ғылымының немесе қоғамдық денсаулық сақтаудың түрлі салаларында жоғары білім ала алады. Осы уақытқа дейін биология ғылымдары бойынша бакалавр дипломымен бітірушілердің үштен екісі медициналық институтқа, Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламалары бойынша Доктор дәрежелі магистратураға, ғылым дәрежелі магистратураға немесе әлеуметтік денсаулық сақтау дәрежесіндегі магистратураға түсті.

Түлектердің 10% – ға жуығы Еуропадағы, Солтүстік Америкадағы, Жапонияда, Сингапур мен Кореядағы беделді шетелдік оқу орындарында жоғары білім алды. Қалған түлектер Назарбаев Университетінің басқа да аспирантураларына, соның ішінде біздің биология ғылымдары мен технологиялар бойынша магистрлік бағдарламамызды қоса алғанда түсті немесе оларға жұмыс ұсынылды.

Негізгі талаптар

Ағылшын Тіліне Қойылатын Талаптар


IELTS – жалпы балл 6.5-тен кем емес (әрбір секция бойынша 6.0-ден кем емес)
немесе
TOEFL IBT – 79-93 TOEFL IBT – 94-101 (Reading – 13-тен кем емес, Listening – 12-ден кем емес, Speaking – 18-ден кем емес, Writing- 21-ден кем емес)
немесе
TOEFL PBT* – 574-599

Академиялық талаптар

– Орта мектеп, UK foundation бағдарламасы, коллед түлектері мен оқушылары, сондай-ақ, A-level бағдарламасының түлектері

(SAT Reasoning ACT тестіне қойылатын ең төменгі талаптар)
SAT Reasoning Test – 1240 кем емес. Эссе міндетті емес, төменгі балл белгіленбейді.
ACT (writing part міндетті емес) – жалпы балл (composite score) кем дегенде 27.

SAT Subject Test – Физика, Математика мамандықтарына SAT Subject Test – 600 математика және 600

Биология, Химия мамандықтарына SAT Subject Test – 600 химия және 600 биология

– IВ Diploma бағдарламасының түлектері мен оқушыларына қойылатын ең төменгі талаптар

IB DP бойынша ең төменгі талаптар – жалпы балл 30 және 4, 4, 5 балл ілгері деңгейдегі 3 пән бойынша

– NIS Grade 12 Certificate* иегерлері – түлектеріне қойылатын ең төменгі талаптар

NIS 12 Grade Certificate – Үш пәннен кем дегенде ABB (талапкер таңдауымен)

*NIS Grade 12 Certificate иегерлері – түлектері конкурсқа IELTS және SAT нәтижелерімен “Орта мектеп түлектері” санатында қатыса алады (аталған санатқа қойылатын талаптарды жоғарыдан қараңыз).

Оқу ұзақтығы

4 жыл

Оқуды тәмамдағаннан кейін қайда жұмыс істеуге болады?

Осы бағдарламаның түлектері өз білімін бірнеше жолмен жалғастыра алады және Назарбаев Университетінде немесе халықаралық деңгейде, өмір туралы ғылымның, медицина ғылымының немесе қоғамдық денсаулық сақтаудың түрлі салаларында жоғары білім ала алады. 

Осы уақытқа дейін биология ғылымдары бойынша бакалавр дипломымен бітірушілердің үштен екісі медициналық институтқа, Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламалары бойынша Доктор дәрежелі магистратураға, ғылым дәрежелі магистратураға немесе әлеуметтік денсаулық сақтау дәрежесіндегі магистратураға түсті. Түлектердің 10% – ға жуығы Еуропадағы, Солтүстік Америкадағы, Жапонияда, Сингапур мен Кореядағы беделді шетелдік оқу орындарында жоғары білім алды. Қалған түлектер Назарбаев Университетінің басқа да аспирантураларына, соның ішінде біздің биология ғылымдары мен технологиялар бойынша магистрлік бағдарламамызды қоса алғанда түсті немесе оларға жұмыс ұсынылды.

Оқу бағдарламасының қысқаша мазмұны

4 жылдық күндізгі бағдарлама. НУ саясатына және Болон процесінің нұсқауларына сәйкес, бакалавриат бағдарламасы ең аз дегенде 240 ECTS кредитін талап етеді. Биология және химия курстарынан басқа, студенттер 1-3 жыл ішінде басқа пәндер бойынша екі курсты оқулары қажет, мысалы, қазақ тілі мен Қазақстан тарихы курстары, есептеу, ғалымдар мен инженерлерге бағдарламалау және т.б. бағдарламаның толық жоспарын мектеп сайтынан табуға болады. Кейбір курстар жылдан жылға өзгеруі мүмкін.

2021 © School of Sciences and Humanities