Бакалавриат бағдарламалары

Экономика саласындағы бакалавр бағдарламасы жоғары экономикалық білімді бизнесте ғана емес, мемлекеттік секторда және коммерциялық емес ұйымдарда шешім қабылдай алу дағдысын дамытуға ерекше назар аударады. Бағдарлама қазіргі заманғы нарықтық экономиканы және олардың экономикалық объектілерде шешім қабылдаудың өзектілігі мен қазіргі заманға сай нарықтық экономиканы зерттеуге сәйкес келетін дағдылар мен қабілеттерді дамытуды басты назарға ала отырып мықты академиялық оқу тәжірибесін ұсынады.

Жалпы ақпарат

Назарбаев Университетіндегі экономикалық бағдарлама жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінде ең жылдам өсіп келе жатқан бағдарламалардың бірі болып табылады. Ол негізгі экономикалық теория бойынша микроэкономика мен макроэкономиканың түрлі салаларында үздік дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарлама бизнес пен мемлекеттік сектордағы табысты мансап үшін студенттерге теориялық білім мен практикалық дағдыларды, сондай-ақ экономика, іскерлік әкімшілік, халықаралық қатынастар, құқық және т.б. саласындағы аспирантураны ұсынуға арналған.

Экономист студенттер стандартты экономикалық мамандықты немесе сол мамандықтың математикалық қарқынды нұсқасын таңдай алады. Математикалық қарқынды нұсқа нарықта күрделі мінез-құлықты модельдеу және болжау кезінде пайдалы күрделі әдістерге қосымша оқытуды ұсынады. Сондай-ақ экономика бағдарламасында экономика бойынша қосымша мамандық (Economics Minor) бітіруге мүмкіндік бар.

Негізгі талаптар

Ағылшын Тіліне Қойылатын Талаптар


IELTS – жалпы балл 6.5-тен кем емес (әрбір секция бойынша 6.0-ден кем емес)
немесе
TOEFL IBT – 79-93 TOEFL IBT – 94-101 (Reading – 13-тен кем емес, Listening – 12-ден кем емес, Speaking – 18-ден кем емес, Writing- 21-ден кем емес)
немесе
TOEFL PBT* – 574-599

Академиялық талаптар

– Орта мектеп, UK foundation бағдарламасы, коллед түлектері мен оқушылары, сондай-ақ, A-level бағдарламасының түлектері

(SAT Reasoning ACT тестіне қойылатын ең төменгі талаптар)
SAT Reasoning Test – 1240 кем емес. Эссе міндетті емес, төменгі балл белгіленбейді.
ACT writing part міндетті емес – жалпы балл (composite score) кем дегенде 27.

– IВ Diploma бағдарламасының түлектері мен оқушыларына қойылатын ең төменгі талаптар

IB DP бойынша ең төменгі талаптар – жалпы балл 30 және 4, 4, 5 балл ілгері деңгейдегі 3 пән бойынша

– NIS Grade 12 Certificate* иегерлері – түлектеріне қойылатын ең төменгі талаптар

NIS 12 Grade Certificate – Үш пәннен кем дегенде ABB (талапкер таңдауымен)

*NIS Grade 12 Certificate иегерлері – түлектері конкурсқа IELTS және SAT нәтижелерімен “Орта мектеп түлектері” санатында қатыса алады (аталған санатқа қойылатын талаптарды жоғарыдан қараңыз).

Оқу ұзақтығы

4 жыл

Оқуды тәмамдағаннан кейін қайда жұмыс істеуге болады?

Экономика саласындағы бакалавр дәрежесі – бұл көптеген есіктерді ашатын және келесі жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін барлығына арнлаған іргелі білім:

Жеке сектор
Мемлекеттік сектор
Үкімет органдары
Мемлекеттік емес ұйымдар
Ұлттық компаниялар

Оқу бағдарламасының қысқаша мазмұны

Бакалавриат бағдарламасы 4 жылды (8 семестр) қамтиды, мұнда ECTS 240 кредит алу талап етіледі.

Экономика
Микроэкономикаға кіріспе
Макроэкономикаға кіріспе
Экономикалық статистика
Микроэкономика
Аралық Макроэкономика
Эконометрика І
Жалпы экономика таңдау пәні (300 деңгейлі экономика таңдау пәні)
Озық Экономика пәні (400 және одан жоғары деңгейлі экономика таңдау пәні)

Міндетті курстар:
Қазақ тілінің екі курсы
Қазақстан тарихы
Этика курсы
Жазу және қарым-қатынас
Төрт гуманитарлық таңдау пәндері
Қоғамтану бойынша үш таңдау пәндері
Жаратылыстану ғылымдары және математика
Информатика курсы
Бизнес-курс
SSH немесе SEDS кез келген курстары

2021 © School of Sciences and Humanities