Назарбаев Университетінің Жараталыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (ЖӘГҒМ) химия саласындағы докторантура бағдарламасы докторанттарды химия бойынша тәуелсіз, шығармашылық тәжірибеші болуға дайындауға бағытталған. Бағдарлама докторанттарға академиялық ортада, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерде, ғылыми негізделген стартаптарда және өндірістегі мансаптық бағыттарға дайындалуға мүмкіндік беретін теория мен тәжірибелер негізінде оқытудың интенсивті әдісін ұсынады. Химия бойынша докторантура бағдарламасы болашақ жоғары технологиялық өндірістер мен білімге негізделген экономиканың негізі болып табылатын Қазақстанның басым бағыттарына бағытталған.
Білім алушылыр Химия саласындағы докторантура бағдарламасын аяқтай отырып, химияның негізгі және озық қағидалары туралы терең және жүйелі білім алады, сонымен қатар ХХІ ғасырда және одан кейінгі ғылыми және технологиялық мәселелердің кең спектрін анықтау, талдау және шешуді қамтамасыз ету қабілетін? Сонымен қатар кәсіпкерлік дағдыларын дамытады. Бағдарлама түлектері тиісті мамандықтар бойынша озық химиялық, физикалық, математикалық, теориялық және практикалық тәжірибе алады деп күтілуде.
Білім алушылар 4 жыл ішінде 240 ECTS кредитін бітіруі керек, бұл Назарбаев Университетіндегі докторлық бағдарламалар мен курстарының нормативтік негізіне сәйкес келеді (2019).
Бағдарлама кешенді курстық жұмыс пен ғылыми қызметтен тұрады. Курстар білім алушыларға химия пәнінен жоғары білімді меңгеруге мүмкіндік береді. Қосымша икемді оқу уақыты олардың зерттеу бағдарламасына бөлінді, бұл оларға арнайы жабдықты оқыту курстарына қатысуға және олардың ғылыми жобалары үшін қажет Назарбаев Университетінің негізгі құралдарымен жұмыс істеуде практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Кешенді емтихан тапсырғаннан кейін және докторлық диссертацияның ұсынысын қорғау үшін білім алушылар химия немесе химияға қатысты пәнаралық салада жаңа зерттеулерді әзірлеуге және тәжірибеге енгізуге міндетті. Бағдарламаның зерттеу компоненттері мен диссертацияны қорғауды әр докторант бағдарламаны аяқтап, бітіру үшін тапсырады.
«Химия саласындағы докторантура» бағдарламасы бойынша оқуға түсуге өтінім беретін үміткерлерде мыналар болуы тиіс:
1) Қабылдау комиссиясы айқындайтын тиісті пән бойынша базалық жоғары білім (бакалавр дәрежесі немесе баламасы) және магистр дәрежесі (немесе баламасы) (Қабылдау комиссиясы қай пәннің сәйкес екендігі туралы шешім қабылдауға жауапты болады).
2) CGPA үміткердің ең жоғары ғылыми дәрежесіне сәйкес 4,00-ден 2,75-тен төмен емес;
3) ағылшын тілін білудің қажетті деңгейі;
4) екі құпия ұсыным хат ағылшын тілінде (немесе ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар). Екі ұсыным хаттың біреуін қазіргі немесе алдыңғы жұмыс беруші немесе ғылыми жетекші жазуы керек. Екінші ұсыным беруші тұлға үміткердің қалауы бойынша таңдалуы мүмкін;
5) «Химия саласындағы докторантура» бағдарламасы бағдарламасына түсуге ұмтылу себептерін түсіндіре және ғылыми зерттеудің алдын ала тақырыбын көрсете отырып, 1000 сөзден аспайтын оқу мақсаттары туралы өтініш. Үміткерлерге ОПҚ-ның жетекшілігімен әлеуетті ғылыми жобаларды талқылау үшін олармен хабарласу ұсынылады.
6) GRE тестімен расталған оқу, аналитикалық және математикалық дағдылардың жоғары деңгейі (қалауы бойынша). GRE ресми балдары міндетті талап болып табылмаса да, үміткер бәсекеге қабілетті GRE балы арқылы өз өтінішін жақсарта алады;
7) түйіндеме (А4 форматындағы екі бетке дейін);
«Химия саласындағы докторантура» бағдарламасы бағдарламасына қабылдау үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін тестілеу нәтижелеріне қойылатын абсолютті ең төменгі талап IELTS тесті бойынша жалпы балл (IELTS Online-ды қоспағанда) 6,5 (әрбір көрсеткіш бойынша кемінде 6,0) немесе ETS сайтында жарияланған TOEFL тестінің балама балы (TOEFL Home Edition-ды қоспағанда) болып табылады.
Магистратура/докторантура бағдарламасының дайындық жылы бойынша оқуға түсу үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін тестілеу нәтижелеріне қойылатын абсолютті ең төменгі талап IELTS тесті бойынша жалпы балл (IELTS Online-ды қоспағанда) 5,5 төрттен бір ғана көрсеткіш кемінде 5,0 болуы мүмкін, қалған көрсеткіштер кемінде 5,5 немесе ETS сайтында жарияланған TOEFL тестінің балама балы (TOEFL Home Edition-ды қоспағанда) болып табылады.
«Химия саласындағы докторантура» бағдарламасына түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша мынадай жағдайлардың бірінде;
– ағылшын тілі қарым-қатынастың, академиялық оқудың және күнделікті өмірдің ресми тілі болып табылатын елде академиялық дәреже алса;
– ағылшын тілінде ресми түрде оқытылатын бағдарлама бойынша магистр дәрежесін немесе баламалы дәрежені алса.
– егер үміткер Университеттің түлегі болса, ағылшын тілін меңгеру деңгейін тексеру нәтижелерін тапсырудан босатылуы мүмкін.
«Химия саласындағы докторантура» бағдарламасына түсуге арналған өтініш пакеті:
Химия саласындағы докторантура» бағдарламасына түсу үшін қажетті құжаттар пакетінің тізбесі;
1) докторантура бағдарламасына толтырылған өтініш нысаны;
2) жоғары (базалық) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдардың/аттестаттардың транскриптімен бірге сканерленген көшірмесі (тексерілген);
3) ағылшын тілінде оқығанын растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі (тек ағылшын тілінде білім алған алған және IELTS (IELTS Online-ды қоспағанда) немесе TOEFL (TOEFL Home Edition-ды қоспағанда) сертификаттарын тапсырудан босатуды сұрайтын үміткерлер үшін);
4) паспорттың/жеке куәліктің сканерленген көшірмесі (шетелдік үміткерлер паспорттың сканерленген көшірмесін ұсынуы тиіс);
5) соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным хат берушілер Университет жүйесі арқылы немесе сканерленген көшірмеде ұсынады);
6) түйіндеменің сканерленген көшірмесі (А4 форматындағы 2 парақтан артық емес);
7) докторантура бағдарламасына түсуге ұмтылу себептерін түсіндіретін және зерттеудің алдын ала тақырыбын көрсете отырып, оқу мақсаттары туралы 1000 сөзден аспайтын өтініш;
8) тегінің өзгергенін растайтын ресми құжаттың сканерленген көшірмесі (егер қолданылса);
9) Тестілеу әкімшісінің жүйесінен жүктелген IELTS (IELTS Online-ды қоспағанда) немесе TOEFL (TOEFL Home Edition-ды қоспағанда) жарамды академиялық сертификатының балдары туралы расталған есеп және оның сканерленген көшірмесі. Жеке кабинетте жүктелген IELTS/TOEFL сертификаты оқуға түсу конкурсында ескеріледі. Онлайн-құжаттарды тапсыру күніне жарамды IELTS (IELTS Online-ды қоспағанда) немесе TOEFL (TOEFL Home Edition-ды қоспағанда) сертификаты (2 жылдан астам емес). Үміткер тестілеуге тіркелу кезінде «Назарбаев Университетін» алушы ретінде көрсетуі тиіс. Егер үміткер тестті ертерек тапсырса, ол тестілеу орталығына хабарласып, «Назарбаев Университетін» алушы ретінде көрсете алады;
10) онлайн-құжаттарды тапсыру күніне жарамды GRE сертификатының нәтижелері туралы расталған есеп және оның сканерленген көшірмесі (міндетті емес). Үміткер тестілеуге тіркелу кезінде Назарбаев Университетін алушы ретінде көрсетуі тиіс. Егер үміткер тестті ертерек тапсырса, ол тестілеу орталығына хабарласып, Назарбаев Университетін алушы ретінде көрсете алады.
4 жыл
Докторанттар халықаралық ғылыми қоғамдастық және өнеркәсіппен бірқатар байланыстарға ие болады. Зерттеумен айналысатын басқа сыртқы ұйымдармен берік ғылыми байланыс орнатылды. Барлық докторанттардың халықаралық ғылыми-зерттеу институтында 6 айдан 12 айға дейінгі тәжірибеден өтуге мүмкіндігі бар. Докторанттардың бүкіл оқу кезеңінде НУ-дағы жетекші мен бақылау тобы докторанттың қабылдаушы тарапындағы қажет үй-жайлар мен қондырғыларды тиімді пайдалануы үшін докторанттармен үнемі байланыста болады.
Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері
– жергілікті және халықаралық университеттер мен ғылыми орталықтар;
– белсенді ғылыми-зерттеу бағдарламалары бар жергілікті және халықаралық компаниялар – жаңа технологияларды дамытатын мамандарды қажет етеді;
– Жоғары технологиялық өнімдері мен қызметтері бар жергілікті және халықаралық компаниялар мен корпорациялар – жоғары технологиялық өнімдерге қолдау қызметін көрсететін мамандарды қажет етеді;
– жаңа компаниялар мен стартаптар;
– жергілікті және халықаралық ұйымдар – мықты аналитикалық және инженерлік дағдылары бар, жоғары технологиялық технологияларды терең түсінетін мамандарды қажет етеді.
Докторантура бағдарламасы, әдетте, 48 ай бойы толық жұмыс күні уақытын алады. Әрбір докторант өзінің жеке және кәсіби дағдыларын және докторантура бағдарламасын негізгі оқу бағдарламалары аясында дамытады. Бағдарлама докторанттарының дамуын қолдау, олардың ғылыми-зерттеу пәндері бойынша білімдерін кеңейту және тексеру үшін оқыту курстарын (бірінші жыл ішінде) өткізу мүмкіндігін қамтиды. Әрбір докторант екінші курста ресми емтихан тапсырып, үшінші семестрдің соңында кандидаттық диссертацияның ұсынысын қорғауы керек.
Содан кейін бағдарлама олардың ғылыми-зерттеу тақырыбына арналған кезеңге енеді, оның көмегімен білім қорына қосқан нақты үлесі бағаланады. 5-ші жылға дейін жалғастыру келісілгеннен кейін болуы мүмкін және нақты реквизиттер мен шарттармен бірге жүруі мүмкін. Бағдарлама докторанттарды халықаралық тәжірибемен қамтамасыз ету үшін шетелдегі қабылдайтын университетте 6-12 айлық ұтқырлық кезеңін өткізу мүмкіндігін қамтиды.
Жергілікті және шетелдік докторанттар үшін жеткілікті қаржыландыру бар, олардың көпшілігі толық грант пен стипендия ала алады.
Толық ақпарат үшін келесі сілтемеден өтіңіз: https://nu.edu.kz/kk/qabyldau/nazarbaev-universitetindegi-oqudy-qarzhylandyru-turleri
Докторанттарға НУ-інде оқытушы көмекшісі немесе ғылыми көмекші ретінде жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі (аптасына шамамен 10 сағат).
- Докторантура бағдарламаларына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі:
- Докторантура бағдарламаларына IELTS/TOEFL, GRE сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:
Бағдарлау аптасының басталу күні: 7 тамыз 2023 ж.
Оқудың басталуы: 14 тамыз 2023 ж.