Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы өнер және ғылым магистрі

Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы өнер және ғылым магистрі

2014 жылдың күзінде ашылған саясаттану және халықаралық қатынастар бағдарламасы Қазақстандағы ағылшын тілінде оқытылатын саясаттану және халықаралық қатынастар бойынша жоғары деңгейдегі бірінші бағдарлама болып табылады. Курстардың кең спектрін Солтүстік Америка мен Еуропаның халықаралық танылған оқытушылары ұсынады. Бағдарлама Висконсин-Мэдисон университетінің (АҚШ) саясаттану бөлімінен кеңес алу арқылы әзірленді.

Жалпы ақпарат
  • Қазақстандағы саясаттану және халықаралық қатынастар бойынша магистратураның алғашқы ағылшын тіліндегі бағдарламасы.
  • Шетелде оқу мүмкіндігімен толық қаржыландырылатын 2-жылғы ағылшын тіліндегі магистрлік бағдарламасы.
  • Солтүстік Америка, Еуропа, Африка және Азиядан халықаралық танылған университеттерден, Солтүстік Америка немесе Еуропа Университеттерінен доктор дәрежелері бар профессорлар сабақ береді.
  • Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасына Ұлттық рейтингте 15-ші орынға ие Висконсин-Мэдисон Университетінің (АҚШ) кеңес береді және белсенді қолдау көрсетеді.
  • Халықаралық ұйымдарда, академияда немесе үкімет пен саясатқа байланысты басқа да салаларда мансап үшін жоғары академиялық дайындық
  • Кампус заманауи жабдықтармен, зертханалармен, кітапханамен, спорт орталығымен жабдықталған.
  • Қажет жағдайда тұрғын үй қарастырылған.
  • Шетелдік студенттерге арналған шәкіртақы және жеңілдіктер қарастырылған
Негізгі талаптар

Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

1) IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

2) Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (ZYGP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.0 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

3) Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

–ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, білім беру және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәреже алса;

–ағылшын тілінде білім беретін бағдарламалар бойынша оқыту қорытындылары бойынша академиялық дәрежесін алса. Үміткерлер ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжатты ұсынулары тиіс;

–үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса.

Академиялық талаптар:

1. Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже); Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.

2. CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;

3. Жеке эсседе көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

4. Сауалнамада берiлген эссе сұрақтарына жауап ретiнде жазылған эсседе көрсетілген дамыған жазу дағдылары;

5. Түйiндеме;

6. Екi ұсыным-хат болуы қажет.

Оқу ұзақтығы

2 жыл

Оқуды тәмамдағаннан кейін қайда жұмыс істеуге болады?

– Ұлттық және жергілікті билік
– Академия
– Халықаралық ұйымдар

Оқу бағдарламасының қысқаша мазмұны
  • Халықаралық қатынастар бойынша негізгі семинар
  • Негізгі семинар
  • Салыстырмалы саясаттану cаласындағы озық зерттеулер
  • Саяси теория бойынша негізгі семинар
  • Озық зерттеулер II
  • Тезисты жоспарлау
  • Тезистік зерттеулер және жазу
  • Таңдау пәндері
  • Тезисты Жазу
Қаржыландыру

Жергілікті және шетелдік студенттер үшін жеткілікті қаржыландыру бар, олардың көпшілігі толық грант пен стипендия ала алады.

Толық ақпарат үшін сілтемеден өтіңіз. 

 

Маңызды күндер
  • Шетел азаматтары үшін: 28 ақпан, 2023
  • ҚР азаматтары үшін: 18 сәуір, 2023

2021 © School of Sciences and Humanities