Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің Академиялық және студенттік істер офисі мектеп студенттеріне оқу үрдісіне байланысты барлық мәселелерде қолдау көрсетеді. Біздің маман кеңесшілеріміз студенттерге пәндерді таңдау, бас мамандық таңдау, магистратура және мансапқа дайындық, оқу үлгерімін жетілдіру үшін мағлұмат табу, және академиялық саясатты түсіну, т.б. секілді оқу барысында туындайтын сұрақтарда жәрдем көрсетеді.
Сонымен қатар, кеңесшілеріміз студенттік өмірдің жатақханаға бейімделу, сабақтан тыс іс-шараларға қатысуы, оқу мен жеке өмірді қатар ұстау, профессорлармен қарым-қатынас және университет саясатын түсіну сияқты мәселелерде кеңес береді.
Оған қоса, психологиялық қолдау көрсету және тәжірибе алу немесе шет елдерде оқу мүмкіндіктерін іздеуде септігі тиетін кампустағы орталықтарға кеңес сұрауға жіберуге әрқашан дайынбыз.
Dilroba Omarova
Student Affairs Manager E-Mail: dilroba.omarova@nu.edu.kz Office: 8.230 Competencies: Academic advising, registration for courses, code of conduct, Master of Arts programmes and PhD admissions. |
|
Maya Davletova
Senior Manager for Academic and Student Affairs E-Mail:maya.davletova@nu.edu.kz Office: 8.230
|
|
Assem Koishybayeva
Manager for Academic and Student Affairs E-Mail: assem.koishybayeva@nu.edu.kz Office: 8.230
|
Назарбаев Университетінің академиялық жазу орталығы НУ студенттері мен магистранттарына барынша сауатты және жақсы жазуға жәрдемдеседі. Біздің нұсқаушылар студенттерге академиялық және кәсіби тапсырмаларды орындауға, түйіндемелер мен уәждемелік хаттарды дұрыс жазуды үйретеді. Олар орфографиялық қателерді ғана жөндейтін тексеруші емес, көзбе көз кездесіп, студенттерге жазуды жақсартудың жолдарын түсіндіретін бапкер ретінде қызмет атқарады.
Жазу орталығының алға қойған мақсаты кездесуден кейін студенттердің өз бетінше жазу жұмыстарын сараптап, бағалай білуіне көмектесу. Осындай кездесулер студентке берілген тапсырманың мақсатын айқындауды, нақты дәлелдер келтіруді және грамматика жұмысын жасауды көздейді.
Студенттермен ғана емес, сонымен қатар факультет қызметкерлерімен де жұмыс жүргізіледі. Мысалы, орталық оқу жоспарлары мен бағалау әдістемелерін құрастыруға көмектеседі.
Академиялық жазу орталығы 8- блок, 207- аудиторияда орналасқан.
Кездесулерді жоспарлау үшін төмендегі сілтеме арқылы аккаунтқа тіркеліп, өз қалаған уақытыңызға сай келетін кездесуді таңдаңыз.