Uncategorized

announcement

Назарбаев университеті және Миннесота университеті (АҚШ) бірлесе ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 қазан күні өткізілетін «Білім беру және тіл үйретудегі заманауи тенденциялар» атты Халықаралық ғылыми симпозиумға шақырады.

Симпозиум мақсаты: Халықаралық деңгейдегі ғалымдардың, зерттеушілер мен ізденушілердің басын қосатын симпозиумның негізгі мақсаты – білім беру және тілді оқыту саласындағы өзекті тенденциялар мен ортақ мәселелерге шолу жасау. Технологияның білімге әсері, мәдени және географиялық факторларға байланысты көзқарас айырмашылығы, тілді оқыту әдістемесінің соңғы  мен терең түсініктерді ұсынатын ғалымдардың үлестерімен бұл академиялық іс-шара жаңа ұғымдардың теңдесі жоқ перспективасын ашуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қатысушылар ойсалаларлық пікірталастарға қатысып, өз зерттеу нәтижелерін ғалымдар мен зерттеушілердің мүдделі аудиториясымен бөлісуге мүмкіндік алады.

Симпозиум бағыттары:

  1. Білім берудегі көшбасшылық, менеджмент және интернационалдандыру
  2. Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер мен инновациялық технологиялар
  3. Тіл саясаты, тілдік алуантүрлілік және көптілділік
  4. Жасанды интеллект және тіл үйретудің болашағы

Симпозиум барысында  «Білім беру және тіл үйретудегі заманауи тенденциялар»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. 

Симпозиум тілдері: қазақ, ағылшын және орыс.

Симпозиумға тіркелу тәртібі мен мерзімі: Симпозиумға қатысу үшін өтінім, мақала тезисі 2023 жылдың 8 қазанына дейін мына электронды пошта бойынша symposium@nu.edu.kz қабылданады. Өтініш мәтіні 1-қосымшада тіркелген. Тіркелу үшін өтініш формасына сілтеме 

Симпозиум форматы және баяндама регламенті:

  • пленарлық мәжіліс  /әр баяндамашыға 15-20 мин/
  • секциялық мәжіліс /әр баяндамашыға -15 мин/
  • панельдік талқылау, коллоквиум /2-3 адамнан біріккен талқылауға – 30 мин/

Симпозиум тезисіне қойылатын талаптар: мақала тезисінің көлемі – 250-300 сөз. Мәтін MS Word бағдарламасында, шрифт Times New Roman, кегль – 12, аралық (интервал) – дара (1), шегініс 1,25 см, барлық жағынан 2 см; мәтін – енінен орналасады. Мәтін соңында 4-5 кілт сөз берілу керек. 

Симпозиумге қатысу шарттары: іссапар шығындары конференцияға қатысушының өз есебінен төленеді.

Симпозиум жұмысына қатысу ақысыз.

 Ұйымдастыру комитеті:   010000,  Қазақстан Республикасы,  Астана қ., Қабанбай батыр көшесі, 53, 8-блок,  ЖГҒ мектебі,  2-қабат, каб. Электронды пошта: symposium@nu.edu.kz

Байланыс телефондары: 8-7172-70-59-25. +77787432045 Жұматаева Зейнеп Наятуллақызы.