«АБАЙ ЖӘНЕ АДАМЗАТТЫҚ ГУМАНИЗМ» атты халықаралық форум
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ТҮРКІТАНУ КАФЕДРАСЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІРЛЕСТІГІ
2020 жылдың 23-25 сәуірі аралағында өтетін қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «АБАЙ ЖӘНЕ АДАМЗАТТЫҚ ГУМАНИЗМ» атты халықаралық форумның
АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ
Форумның мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер философы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздеріндегі адамзатқа ортақ көкейкесті проблемаларды көтерген ойларын әлемдік деңгейге шығару, қоғамдық пікір қалыптастыру, Абай шығармашылығына оқырмандық қызығушылық ояту.
Форумға адамзаттық гуманизмді, бейбітшілікті қолдайтын, ұрпақ тәрбиесі, экологиялық мәселелерді және оқу мен оқытуды жетілдіріп, әлемдік құндылықтарды сақтауға үлес қосқысы келетін қазақстандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен докторанттар, магистрлер және студенттер шақырылады.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
- Абай әлемі және адамзаттық гуманизм.
- «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» немесе гуманизм концепциясы.
- Білімге басымдылық (приоритет) беру – заман талабы.
- «ТОЛЫҚ АДАМ» – сана модернизациясы.
- Заманауи жаһандық экологиялық мәселелер.
- Қазіргі лингвоэкологиялық мәселелердің көкейкестілігі.
- Гуманитарлық пәндерді оқытудың жаңа бағыттары.
- Қазақтану, тұлғатану және елдік сана.
- Қазақ әдебиеті пәнінің ХХІ ғасырдағы білім мазмұны мен мақсаты.
- Мемлекеттік тіл және (жаңа) қазақ әліпбиі.
- Әл-Фараби және Абай: “Толық адам” концепциясы.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
23-24 сәуір: Пленарлық және секциялық мәжілістер жұмысы; Қазақ тілі оқытушылары халықаралық бірлестігінің жиналысы; Жас ғалымдар көрмесі; пікіралмасулар.
25 сәуір: Абай оқулары жеңімпаздарының өнері; «М.Әуезов «Абай жолы» кейіпкерлері суретші көзімен» көрмесі; «Қазақ сахнасы» НУ студенттер клубының талантты жастарының театрланған қойылымы; форумның жабылуы; сертификаттарды табыстау.
ФОРУМҒА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ
Зерттеу мақсатын, әдістемесін, зерттеудің немесе жобаның күтілетін нәтижесін анық сипаттайтын мақала мәтіні, тірек сөздер келесі мәліметтермен бірге жіберілуі қажет: (1) мақала тақырыбы; (2) автор(лар)дың аты-жөні; (3) ғылыми дәрежесі; (4) жұмыс орны; (5) қаласы (облысы); (6) электронды поштасы; (7) халықаралық форум бағыты.
- Мақала көлемі 5 ‒ 7 бет (формат А4).
- Жоғарғы шегі ‒ 2 см, төменгі ‒ 2 см, оң ‒ 1 см, сол ‒ 3 cм.
- Шрифт: Times New Roman, кегль ‒ 14.
- Қатараралық интервал ‒ бірлік.
- Мақала тақырыбы ҮЛКЕН ӘРІППЕН жазылады, содан соң тақырыптың астыңғы жағына автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, қаласы (облысы), электронды поштасы жазылады.
- Қазақ тіліндегі мақалалар үшін қазақ тілінде түйіндеме және ағылшын тілінде abstract (сөз саны 200-250) беріледі.
- Орыс тіліндегі мақала үшін орыс тілінде түйіндеме және ағылшын тілінде abstract (сөз саны 200-250) беріледі.
- Тірек сөздер саны – 7-8.
- Мақала соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттер сілтемесі реттік санмен тік жақшаға алынады.
- Редакция алқасының сұрыптауынан өткен ғылыми мақалалар ғана қабылданады.
Мақаланың рәсімдеу үлгісін https://ssh-old.nu.edu.kz/ парақшасынан жүктей аласыздар (Қосымша 1). Қатысушы үлгі бойынша Word форматында және «Мақала Абай форум 2019» тақырыбында келесі электрондық поштаға жібереді: forumabai175@nu.edu.kz (форумның электронды поштасы).
Мақала 2020 жылдың 10 наурызына дейін қабылданады.
Мақала қабылданғаны туралы хабарлама 2020 жылдың 20 наурызында жіберіледі.
Халықаралық форумға онлайн тіркелу 2020 жылдың 25 наурызда ашылады.
Халықаралық форумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері
*Форум барысында аннотациялар жинағы таратылады. Мақалалар жинағы электрондық нұсқада жарияланатын болады.
ТІРКЕЛУ ЖАРНАСЫ:
Шетелдік қатысушылар – 50 $;
Қазақстандық қатысушылар – 5000 теңге;
Студенттерге тегін.
БАЙЛАНЫС:
Ұйымдастыру комитеті: Рухани Жаңғыру мәдени орталығы, Қазақ тілі мен түркітану департаменті, Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі
е-mail: forumabai175@nu.edu.kz
Телефондар: +7 7172705706, +7 7172705935