Uncategorized

Мексикалық қыз қымыздың қасиетін зерттеп жүр

20190319_092210

Ұлы дала мәдиниеті және қазақтың ұлттық тағамдары шетелдіктердің басты назарында. Мысалы, дәмді әрі табиғи емдік қымыздың қасиеті көпшіліктің қызығушылығын тудырып жатыр. Мұхитты асып келген мексикалық қыз Сандра Реал бүгінде бойға нәр беретін қымыз сусынын зерттеп жүр. Қырық ауруға ем қымызды ішіп әрі дәмді екенін білген Сандра Реалдың ұлттық сусынға қызығушылығы одан сайын арта түсті. Сондықтан, алғашқы ғылыми жұмысын қымыздан бастаудан шешкен. «Қазақстанда жалпы сүт өнімдерінің түр-түрлері бар, ал Мексикада мұндайды дүкен сөрелерінен таппайсыздар» дейді Сандра. Мексика мен Латын Америкасында төрт-түлік сусыны туралы ежелде білмеген, білгеннің өзінде тұтынбаған, ал қазақ асханасының тарихи теренде жатыр. Сандраның ендігі арманы қымыз дәмін Мексикадағы туыстары мен достарына татқызып көрсету. Ал әзірше болашақ ғалым Сандра Реал қымызды зерттеу жұмысымен қатар қазақ тілін де меңгеріп жатыр.

 

Cұхбатқа сілтеме: сілтемеге өтіңіз