Uncategorized

Назарбаев Университетінің зерттеушілерінің мақаласы «Редакторлардың таңдауы» белгісімен марапатталды

28.cover-JBC-1000×380

“Journal of Biological Chemistry” ғылыми журналының шілде айындағы басылымында жарияланған Назарбаев Университетінің зерттеушілерінің ғылыми мақаласы “Редакторлардың таңдауы” белгісіне лайықты деп танылды. Бұған қоса, редакторлар кеңесі өз таңдауында ғылыми зерттеуге қысқаша шолуды қоса беріп отыр.

Назарбаев Университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі Биология кафедрасының д-ры Дос Сарбасов және зерттеушілер тобы Даныш Әбетов, Владимир Киян, Асылбек Жылқыбаев, Дилара Сарбасова, Санжар Алыбаев, Эрик Спунер, Мин Сап Сонг, Рахметқажы Бірсембаевтар рибосомдық биогенез процесін және ядрошықтарда (ескерту -жасушалар) рибосомның қалыптасуын зерттеді. Бұл процесс ядрошықтар табиғатының тығыз болуына байланысты жеткілікті зерттелмей келген еді. Зерттеу нәтижелері “Formation of mammalian preribosomes proceeds from intermediate to composed state during ribosome maturation” ғылыми мақалада “Journal of Biological Chemistry” журналының 12-ші басылымында жарияланды.

Жасушалық массаның синтезделу процесі жасушалық өсу ретінде белгілі іргелі биологиялық процесс болып табылады. Қоректік заттар рибосом биогенезін (РБ) қоса алғанда, ақуыз синтезінің жылдамдығын реттей отырып, жасушалардың өсуін бақылайды. РБ – бұл рибосомның немесе массивті жасушалық машиналар деп аталатын рибосомдардың түзілуі мен өсуінің ірі биосинтетикалық процесі. Эукариоттарда рибосомның жинақталуы ядроның құрылымына кіретін органелла – ядрошықтарда жүреді.           – Біздің зерттеуде, жасушалардың ядроларын ультрадыбыспен еппен бұзудың көмегімен біз алғаш рет сүтқоректілердің нативті прерибосомалық кешендерін бөліп алдық және сипаттап бердік.  Нәтижелер  оларды жинау процесі жиналған рибосомның аралық жай-күйі жағдайында өтетінін көрсетті, – деп түсіндірді доктор Дос Д. Сарбасов.

Зерттеушілер бұл зерттеудің рибосомның синтезі мен ядрода өсу механизмдерін анықтау және адам ауырған кенде оның дерегуляциясының сырын шешу үшін маңызды екендігін атап көрсетуде.

Айталық, зерттеу нәтижелерінің оларда ядрошықтардың  ұлғаюы байқалатын обыр жасушаларының жедел өсуіне байланысты адамның онкологиялық ауруларын емдеу үшін де маңызы зор. Прерибосомалық кешендердің қалыптасу механизмін түсіну обырды емдеуге арналған жаңа дәрілік нысаналардың пайда болуына әкеледі.

Біздің зерттеушілер мақаланың суретінде көрсеткен қалыптасу процесінің мехенизмі шілде айындағы журналдың басылымы үшін мұқаба ретінде таңдалғанын атап көрсеткен жөн.