Профессор Михаил Акуловтың қатысуымен жасалған «Вокруг да около»: «Ностальгия по-советски: буржуазия, сталинизм и комедии Рязанова» подкасты
Үй жағдайындағы қолжетімді білім беру бастамасын қолдай отырып, Целинный заманауи мәдениет орталығы «Вокруг да около» атты подкаст шығару бастамасын қолға алды. Подкасттың алғашқы бөлімінде тарихшы, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің доценті Михаил Акулов пен журналист Арслан Ақанов кеңестік буржуазияның не екенін және оның Михаил Козаковтың «Покровские ворота» фильмінде қалай бейнеленгені жайлы әңгімелейді. Жүргізушілер кеңес одағы кезінде туған адамдардың сталинизмді неліктен ностальгиямен есіне алатынын, ал посткеңестік адамдардың неліктен кеңес кезін сағынатынын, Рязановтың комедиялары мен Трифоновтың әңгімелері арасында қандай ұқсастықтар бар екенін түсінуге тырысады.
Подкастты тыңдау үшін сілтемеден өтіңіз.