PSIR жаңалықтар

ЖӘГҒМ студенті Гарвардқа оқуға түсті: Аружан Меирхановамен сұхбат

photo_2021-03-18 10.43.07

С: Кіріспе. Өзіңізді таныстырып өтсеңіз

Ж: Мен саясаттану және халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқитын жоғары курс студентімін. Менің ғылыми қызығушылығым Ресейдің сыртқы саясаты, «гибридтік соғыс», «Белдеу және жол» бастамасы және Орталық Азия саясаты сияқты тақырыптарды қамтиды. 

С: Саясаттану және халықаралық қатынастар мамандығын не себепті таңдадыңыз?

Ж: Мені саясат тақырыбы үнемі қызықтыраты, дегенмен саясат бойынша маманданамын деп ойламаппын. Біз «Foundation Year» бағдарламасы барысында әлемдегі қоғамдық-саяси және экономикалық мәселелерді талқылайтын Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар курсы көзді ашатын және көзқарасыңды өзгертетін тәжірибе болды. Бакалавр бағдарламасындағы бірінші семестрде мен Салыстырмалы Саясат және Халықаралық Қатынастар бойынша кіріспе курстардан өттім, бұл курс менің саясаттануға деген қызығушылығымды арттырып, осы салаға мамандану туралы шешімімді шоғырландырды. Артқа қарап, бұл мен қабылдаған ең маңызды және дұрыс шешімдердің бірі болды деп айта аламын.

 

С: Суденттік өміріңіз жайлы айтып берсеңіз (Естеліктер, оқиғалар, клубтар, достар, профессорлар)

Менің студенттік өмірім өте қызықты және алуан түрлі болды. НУ-дағы алғашқы жылдары мен Әйелдер Футбол командасында ойнадым және зияткерлік ойындар клубының мүшесі болдым. Содан кейін мен MUN және APSS сияқты ірі студенттік ұйымдарға қосылдым. Бұл клубтар менің көшбасшылық пен ұйымдастырушылық қабілеттерімді дамытуға көмектесті. Үшінші курста мен APSS-тің вице-президенті болып тағайындалдым. Сол кезде біз команда ретінде НУ-да алғашқы парламенттік симуляция ұйымдастырдық. Бұл менің студенттік өмірімдегі ең құнды тәжірибелердің бірі болды. Студенттердің еліміздегі өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешімдерін әзірлеу үшін талқыға түскенін көргенім мені қатты қуантты.

Адамдар менің НУ-дағы тәжірибемнің ең жақсы бөлігі болды. НУ-да мен оқуларын белсенді қоғамдық өмірмен, волонтерлікпен және жұмыс / практикамен шебер байланыстырған көптеген студенттермен кездестім. Осындай талантты, ынталы және әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін студенттердің ортасында оқу мені тек озат оқуға ғана емес, сонымен қатар көп нәрселерге әсер етуге шабыттандырды. Университеттің тәжірибесін интеллектуалды пайдалы, әлеуметтік құнды және көңілді өткізген достарыммен кездескені үшін мен осы университетке өте ризамын. Сондай-ақ, НУ профессорлық-оқытушылық құрамынан сабақ алу және олармен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Менің ғылыми қызығушылығымды қалыптастыруға, зерттеушіліктің құнды дағдыларын дамытуға көмектескен және академиялық сапарымда маған жол сілтеген PSIR кафедрасының профессорларына ерекше алғыс айтамын. Менің академиялық және жеке өсуіме айтарлықтай үлес қосқан адамдарға, профессорларға және НУ-дағы достарыма алғысым шексіз.

С: Сүйікті курстарыңыз бар ма?

Маған PSIR курстарының басым көпшілігі ұнады, ал егер де маған ең сүйікті үшеуін көрсетуді өтінсе, мен келесілерді атап өткен болар едім:

Үшінші курста оқыған Ресей Федерациясының Саясат және басқару курсы менің кейінгі ғылыми қызығушылығымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Біз Ресейдің экономикалық өтпелі кезеңі, федерализм, азаматтық қоғам, Ресей алдында тұрған ішкі проблемалар және елдің сыртқы саясаты сияқты әртүрлі тақырыптарды қарастырдық. Курс маған ерекше қызығушылық тудыратын зерттеу бағыттарын табуға көмектесті, содан кейін менің басқа сабақтарыма Ресеймен байланысты жұмыстар жазуға деген құлшынысым арта түсті.

Сондай-ақ сүйікті пәндерімнің арасында Халықаралық саяси экономика (IPE) және Сыртқы саясатты талдау (FPA) курстары бар. IPE маған либералды әлемдік тәртіптің негіздерімен, сауда режимдерінің эволюциясымен, ақша-несие қатынастарымен және даму саясатымен – әр IR студенті үшін маңызды тақырыптармен танысуға көмектесті. Ал FPA курсы аясында бізге IR әдебиеттерінен негізгі мақалалар бөлініп, мемлекеттер экономикалық санкцияларды, сыртқы көмек, халықаралық ұйымдарды және басқаларын өздерінің сыртқы саяси құралдары ретінде қалай қолданатынын зерттедік.

С: Сіз 3 семестрге жуық онлайн оқыдыңыз. Онлайн оқуда сізге не көмектеседі?

Онлайн оқу мен үшін оңай тәжірибе болды деп мәлімдеу өтірік болар еді. Себебі мен мотивацияның төмендеу кезеңдерін бастан өткердім, әлеуметтік қатынастың жоқтығы да маған әсер етті. Басқа студенттер сияқты, маған да Zoom сыныпты, жұмыс уақытын және құрдастарымен қарым-қатынасты алмастырды деген оймен татуласу қиын болды. Алайда, мен өзімнің магистратура бағдарламаларына өтініштерімді дайындауым керек екенін түсіндім, бұл маған кішкене жиналып, ынталы болуға көмектесті.

Сонымен қатар, мен онлайн оқыту үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін түсіндім, себебі сіз өз уақытыңызға өзіңіз иелік етесіз.  Пандемия бейімділіктің, уақытты басқарудың және икемділіктің осындай белгісіз әлемде шешуші рөл атқаратындығын көрсетті, сондықтан мен бұл дағдыларды онлайн оқу тәжірибемде тәрбиелеуге тырыстым.

Сонымен бірге, «жаңа қалыптың» көптеген артықшылықтарды ұсынғанын атап өткім келеді: әлемнің ең ірі университеттері ұйымдастырған онлайн курстар, конференциялар мен панельдік талқылар одан да қол жетімді болды. Студенттер үйде отырып GRE және TOEFL емтихандарын тапсыра алады. Күніңізді өзіңіздің қалауыңыз бойынша жоспарлауға және отбасымен көбірек уақыт өткізуге көп мүмкіндіктер пайда болды. Онлайн оқыту мен өтініш беру кезінде отбасымның маған қолдау көрсеткенін атап өткім келеді келеді, ол үшін мен өте ризамын.

С: Гарвардқа қашан және қалай өтініш беруге шешім қабылдадыңыз? Дайындықты неден бастадыңыз?

Мен бұл шешімді бірнеше жыл бұрын НУ-ді саясаттану және халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген досыммен сөйлескеннен кейін қабылдадым. Бастапқыда мен үздік мектептерге оқуға түсу туралы ойланбаған да едім. Дегенмен шешімімді өзгерту үшін бір рет қана қоңырау шалу қажет болды. Мен досымның әңгімесінен шабыт алып, Гарвардқа және АҚШ, Канада мен Еуропаның басқа да үздік мектептеріне оқуға түсуге бел будым.

Менің дайындығым үшінші курстың көктемінде басталды. Әр мектептін тапсыру мерзімдері әдетте бағдарламаға байланысты өзгеріп отырады, бірақ менің университеттерім үшін соңғы мерзім желтоқсан және қаңтар айларында болды, сондықтан мен нақты іс-шаралар жоспарын ерте жасадым. Шамамен екі-үш ай дайындалғаннан кейін тамыз айында GRE емтиханына тіркелдім. Содан кейін қыркүйек айында TOEFL-ге қатысып, қараша айының басында университеттер тізімін аяқтадым. Осы емтихандармен қатар мен өзімнің мақсат-міндеттерімді  және портфолиомды жазумен (түйіндеме, зерттеу тәжірибесі, жарияланымдар) айналыстым. 

С: Гарвардтағы бағдарламаңыз туралы көбірек айтып бере аласыз ба?

Мен Дэвис орталығындағы REECA (Аймақтану: Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия) магистратура бағдарламасына қабылдандым. Бұл пәнаралық бағдарлама, мұнда студенттер аймақтағы саясатты, тілдерді, мәдениетті, тарихты және қоғамды оқып үйрену арқылы аймақтық тәжірибені дамытады;  зерттеу дағдылары мен әдістері туралы білімдерін нығайтады.  Бағдарлама барысында мен Дэвис орталығының көрнекті профессорлық-оқытушылық құрамымен жұмыс істеймін және әртүрлі тәжірибесі бар әріптестермен бірге оқып көп нәрсе білемін деп үміттенемін. Оқу бағдарламасын әр оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ыңғайлы етіп құрастыруға болады. Сонымен қатар басқа Гарвард мектептерінен (Кеннеди мектебі, заң мектебі), Тафтс жанындағы Флетчер мектебінен және MIT-тен бірнеше курстарға тіркеле аласыз. Қысқаша айтқанда, студенттерді академиялық және кәсіби мансапқа дайындауға көмектесетін бағдарламада өсудің көптеген мүмкіндіктері бар.

С: Сіздің өтінішіңізді қарау кезінде қабылдау комитеті не нәрсеге назар аударды?

Менің өтінімімнің ішінде ненің ерекше көзге түскенін нақты айту қиын. Менің ойымша, қабылдау комиссиялары тұтас көзқарасқа ие және студенттердің өтініштерінің барлық компоненттерін тұтас бөлігі ретінде қарастырады. Ұсыныс хаттары, транскрипттері, тестілеу нәтижелері – бәрі маңызды, ал менің бағдарламам үшін зерттеу тәжірибесі де маңызды болды деп ойлаймын. Басқа үздік мектептермен сұхбат барысында мен өзімнің жазу үлгім туралы оң пікірлерді естігенімде өте қуандым, сондықтан жазу жұмысы менің өтінішімнің маңызды бөлігі болды деп ойлаймын.

С: Гарвардқа барар жолда SSH-де оқығаныңыз сізге қалай көмектесті? Мүмкін  жазу дағдыларыңызға немесе талдауға көмектескен курстар бар шығар?

Сын тұрғысынан ойлау мен жазу дағдылары әр студент үшін өте маңызды екеніне сенімдімін және менің НУ-дағы тәжірибем маған бұл дағдыларды дамытуға көмектескені сөзсіз. Жоғарыда айтып өткенімдей, профессорлық-оқытушылар құрамы менің сабағымда және жұмыс уақытында академиялық өсуіме ықпал етті.

Мен «Риторика мен композициядан» басқа арнайы жазушылық курстарға қатысқан жоқпын, дегенмен бакалавриат бағдарламасында жазба жұмыстарға көп көңіл бөлетін курстар алғанмын (Саясаттану және Халықаралық Қатынастар, Антропология, Тарих). Мен студентерге нұсқаушылар курстық жұмыс және мотивациялық хаттар туралы егжей-тегжейлі пікірлер беретін Жазу орталығына баруға кеңес беремін.

С: Сіз өзіңізді 10 жылдан кейін қайдан көресіз? Қай салаларда жұмыс істегіңіз келеді?

Қазіргі уақытта мен академиялық мансабымды жалғастырып, саясаттану бойынша докторантура бағдарламасына түсуге ниеттімін. Дегенмен, біз сияқты үнемі өзгеріп отыратын әлемде жағдай басқаша болып кетуі мүмкін екенін және ақыр соңында кәсіби салада жұмыс істеу мүмкін екендігімді жоққа шығармаймын. Бұл академиялық немесе кәсіби әлем бола ма, мен ғылыми зерттеулерімді жалғастыра бергім келеді және біздің аймақ туралы білім алуға үлес қосқым келеді. Мен Гарвардтағы тәжірибем маған осы мақсатқа жетуге көмектеседі деп шын жүректен үміттенемін.

С: Сізге өзіңіздің жақсы нұсқаңыз болуға не шабыттандырады? Сізді оқуға не шабыттандырады?

Адамдар. НУ-да ынталандыратын және шабыттандыратын адамдардың жетіспеушілігі жоқ – түлектер, профессорлар, менің құрдастарым – бәрінің де үйрететін өз тарихы бар. Мен сондай-ақ маған білімнің құндылығын сіңірген отбасында өстім және бұл менің сана-сезіміме де айтарлықтай әсер етті деп ойлаймын.

Мен сыртқы шабыт көздерінен басқа, ішкі мотивацияны сақтауға тырысамын. Мен бір кездері Опра Уинфридің сіздің армандарыңызды жүзеге асырудың кілті «сәттілікке емес, маңыздылыққа назар аудару» деген сөзін оқыдым. Мансап сатысымен көтеріле отырып, мен аймақтағы ғылыми зерттеулерге өз үлесімді қосамын және білім алудың ішкі әлеуметтік мәні бар деп сенемін. Бұл сенім маған оқуды жалғастыруға және азғырған кезде бас тартпауға көмектеседі.

С: Болашақ студенттерге берер кеңесіңіз? Нені білу керек, неге көңіл бөлу керек және т.б.

Мен жақсы жазу сыныпта да, одан тыс уақытта да көп оқуды қажет етеді деген қорытындыға келдім. Саясаттанушы ретінде мен студенттерді беделді газет-журналдарға жазылуға кеңес берер едім, олар біздің динамикалық әлемде болып жатқан оқиғаларды бақылауға көмектеседі.

Студенттік клубтар мен ұйымдарға қосылыңыз – олар достар табуға, пікірлес адамдар желісіне қосылуға және құнды тұлғааралық дағдыларды дамытуға тамаша алаң ұсынады.

Кеңес сұрауға қол ұшын созудан қорықпаңыз – бұл жерде көптеген адамдар, оның ішінде профессорлар, түлектер, құрдастары, мектеп оқушылары да көмектесуге қуанышты. Менің екі керемет тәлімгерім болды, олар мені қабылдау барысында үнемі басшылыққа алып отырды, сонымен қатар Гарвард студенттерімен байланысып, бағдарлама туралы көбірек білдім. Көптеген адамдар менің сұрақтарыма жауап беруге келіскенін білгеніме қуаныштымын.

Әрқашан ашық болып, әртүрлі көзқарастарға тап болғаннан кейін бұрынғы сенімдеріңіздің өзгеруі мүмкін екеніне дайын болыңыз. Бұл менің ойымша, білім берудің әсемдігі.

Соңында, бірақ «айға атудан» қорықпаңыз. Бір жыл бұрын мен Гарвардқа және басқа да алдыңғы қатарлы мектептерге магистр дәрежесін алу үшін құжат тапсыратыныма сенбес едім. Өткенге көз жүгіртсем, өршіл мақсаттар тек ақылды стратегия ғана емес, сонымен қатар маған еңбекқорлық, табандылық пен өзіңе деген сенімділік нәтиже беретінін үйреткен құнды сабақ болғанын түсінемін.