Курстың сипаттамасы: Жаһандық қатынастардағы заманауи мәселелер (CIGA) – бұл есептелмейтін курс, онда студенттер саясаттанушылардың Қазақстан мен Орталық Азия үшін аса өзекті әлем алдында тұрған заманауи сын-қатерлерді қалай талдайтыны туралы біледі. Курс аясында қарастырылатын тақырыптар тізімі келесілерден тұруы мүмкін:
- Сириядағы қақтығысты талдау үшін кеңес-ауған соғысы дәрістері
- Өңірлік сауда келісімдері: Еуразиялық экономикалық одақ
- Жаһандану: Негізгі көрсеткіштер, тенденциялар мен сын-қатерлер
- Халықаралық валюта қоры: Несиелеу және шарттары
- Көпжақты даму банктері
- География және қақтығыстар (Мемлекетаралық және мемлекетішілік)
- Халықаралық қақтығыстар процестері
- Қауіпсіздік дилеммасы: Альянстар мен қару жарысы
- Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мүмкіндіктерін шетелдік көмекті тарту үшін пайдалану
- Тұрақты даму және сауда саясаты
- Тұрақты даму мақсаттары және сыртқы саясат
- Жұмсақ күш және дамушы экономика
Курс ұзақтығы | 5 күн |
Нұсқаушылар | Саясаттану және Халықаралық қатынастар кафедрасының профессорлық құрамы |
Курс өтетін уақыт | |
Байланыс ақпараты | atrochev@nu.edu.kz |
Курс бағасы | 195 000 теңге |
Курстың мақсаттары:
- аясаттанушылардың Қазақстан мен Орталық Азия үшін ерекше маңызы бар әлем алдында тұрған заманауи сын-қатерлерді қалай талдайтынын білу
- Халықаралық қатынастар саласындағы ғалымдар қолданатын талдамалық тәсілдер туралы білу
- Халықаралық қатынастар саласындағы ғалымдар қолданатын ғылыми жобалар туралы білу.
Курс бойынша оқу нәтижелері:
Курс соңында студенттер:
- Қазақстан мен Орталық Азияға қатысы бар әлемдік саясаттағы заманауи сын-тегеуріндермен таныс бола алады
- Осы мәселелерді зерттейтін ғалымдардың талдамалық тәсілдерімен таныс бола алады
- Ғалымдар осы мәселелерді зерттеу үшін пайдаланатын зерттеу жобаларымен таныс бола алады